«Триз ойындары»
Солтүстік Қазақстан облысы, Ақжар ауданы Ленинград ауылы «Еркетай» балалар-бөбек бақшасы |
Кіріспе
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңында оқыту формасын, әдістерін, технологияларын таңдауда көп нұсқалық қағидасы бекітілген, бұл білім мекемелірінің мұғалімдеріне, педагогтарына өзіне оңтайлы нұсқаны қолдануға, педагогикалық процесті кез-келген үлгімен, тіпті авторлық үлгімен құруға мүмкіндік береді.
1946 жылы Г. С Альтшуллер шығармашылық әдісі бойынша жұмысын бастады. ТРИЗ атауы кейінірек 70жылы пайда болады. Шығармашылық тапсырмаларды орындау теориясы адамның шығармашылық мүмкіндіктерін дамытудың жаңа әдістемесі үшін негіз болып табылады. Шығармашылық мүмкіндіктердің көріне бастауының себебі — балалық кездегі елестету деңгейінің жоғарлығымен, балалардың ойлауын танымдық бағытының дамуымен түсіндіріледі.
Шығармашылық — бұл адамның өмір шындығында өзің-өзі тануға ұмтылуы, ізденуі. Өмірде дұрыс жол табу үшің адам дұрыс ой түйіп, өздігінең сапалы, дәлелді шешімдер қабылдай білуге үйренуі қажет. Адам бойындағы қабілеттерін дамытып, олардың өшуіне жол бермеу, оның рухани күшің нығайтып, өмірден өз орның табуға көмектеседі. Өйткені адам туындығана емес жаратушы да
.
Мақсаты: ТРИЗ технологиясы баланың тілін дамыту, шығармашылық қиялын дамыту
Міндеттері:
- Бала мүмкіндігін ескеріп, заман талабына сай білім беру;
- Триз элементтерін пайдаланып, шығармашылық қаблетінің ашылуына мүмкіндік туғызу;
- Балалардың көркемдік шығармашылығын дамыта отыра әр баланың психологиялық ерекшіліктерін танып білу.
Тризшылардың үраны
«Барлығын айтуға болады»
Әдістері:
• Бақылау жүргізу;
• Мәтінмен жұмыс;
• Сызбамен жұмыс;
• Суреттпен жұмыс істеу;
• Мазмұндық ойындар;
• Сұрақ жауап;
• Көрнекілік.
- 12425 просмотров