Тәуелсіздік шежіресі
Ашимова Гулнур Абилдаевна |
Егемен еліміздің тәуелсіздігі — ата — бабамыздың асқақ арманынан туындаған, бүгінгі ұрпақ қол жеткізген ұлы жеңіс. Ежелден еркіндік аңсаған азат халқымыз тәуелсіздігінің жиырма бес жылын тойламақ. Тәуелсіздік атты қасиетті ұғымның тереңіне үңілсек, ата — бабаларымыздың ғасырлар бойғы асыл арманы мен мұратын, азаттық жолында құрбан болған талай боздақтың ұрпаққа қалдырған аманатын жүрегімізбен бойлаймыз.
Ата — бабаларымыз қаншама уақыт бойы тәуелсіздікті армандады. Бірақ олардың арманы тек 1991 жылы 16-шы желтоқсанда ғана орындалды. Енді осы тәуелсіздікке 25 жыл толып отыр. Осы 25 жыл ішінде өте көп жетістікке қол жеткізді. Ал, біздің тәуелсіз ел болып жасаған әрекеттеріміз осындай болған екен. Ең бірінші біз шекарамызды белгілеп, Ата заңымызға қол қойдық. Ал 1992 жылы Қазақстан БҰҰ-на мүше болды. Қазіргі таңда республикамыз өте дамыған,ұрыс-керісі жоқ мемлекет қатарында. Бірақ қазіргі өте қуанышты мерекенің өкінішті жерлері де бар. Еліміз тәуелсіз болуы үшін қаншама ғалымдар, ақындар, жазушылар өздерін құрбан етті. Тәуелсіздік алғаннан бұрын Қазақстан КСРО дегн үлкен одақтың мүшесі болды. Ол жерде республикамыз сол одақтың атынан ғана шығып отырғын. Ал, енді біз республика ретінде қаншама жеңістерге қол жеткіздік. Болашақта республикамыз дамыған елу елдің қатарына қосылады деген сенімдеміз.
Міне, бүгінде біз болашаққа деген жарқын сеніммен алға қарай нық қадам басып келеміз. Егемендіктің ашық аспаны астында алшаңдай басып, жиырма бес жылды артқа тастадық. Тәуелсіздік — азаттықтың алтын діңгегі, ұлттық өрлеудің ұлы күші. Тәуелсіз елдің қызы — өжет, ұлы — қайратты, халқы — қаһарман. Қараның да, ханның да рухани өзегі тәуелсіздік. Ұлттық тілдің, дәстүрдің, салт-сананың мызғымас тірегі — тәуелсіздік! Халқының тәуелсізігі үшін Жәнібек пен Керейден бастап Кеңесарыға дейінгі қазақ хандары қарап жатпады. Барылығы да елдің тәуелсіздігі мен халқының тыныштығы үшін қажымай талмай күресті. 1986 жылғы желтоқсан оқиғасы, шын мәнінде, қазақ халқының тәуелсіздігі үшін ең соңғы күресі еді. Тәуелсіздік қажырлы күреспен келді. Бостандықтын 25 жылында жүз жылдарға татитын қадамдар жасалуда.
Қазақстан ертең күн шыға қауызы ашылып, сосын жан-жағына әдемілік, сұлулық сыйлайтын исі жұпар гүлдердей жайнап, құлпырып кетеріне осы елдің азаматы ретінде мен кәміл сенемін. Ендігі ұрпақтың мақсаты мол біліммен қаруланып, кең-байтақ жерімізді теріс пиғылды басқыншылардан қорғау. Талай жерде құрсақта жатып, құрбан болып кете жаздаған тәуелсіздігімізді пәле жаладан аман сақтайық, ғұмры ұзақ болғай. Ынтымағымыз жарасқан, біріліктегі ел бола берейік. Бұл мен сияқты мыңдаған қазақ халқының тілегі. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болғай!
- 11563 просмотра