9 Республиканский творческий конкурс «Моя Родина — Казахстан» для детей, педагогов и воспитателей Республики Казахстан

 

Ұлттық сусын өнімдерінің сапасын арттыру әдістері

Восьмой международный творческий конкурс «Золотая осень» для детей, педагогов и воспитателей

 

 

  Қазақстан, Алматы қаласы, Әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті.
Мұратбайұлы Жалғас, Абдыкалыкова Анель Қуанышқызы магистранты.
Жанатаев Данат Жанатаевич Философия және саясаттану ғылымдар мектебінің «Философия» кафедрасы доценті, ф.ғ.к
КазНУ

Кіріспе

Қазіргі нарықтық экономика заманында әрбір кәсіпорын өзінің бәсекелестік қабілеттілігін арттыру мақсатында бәсекелестеріне қарағанда жоғары сапалы өнім өндіруді, халықаралық сапа деңгейіне көтеріліп, тек қана мемлекетіміздің немесе жақын арадағы шет мемлекеттеріне шығарып қоймай, сонымен қатар, еуропалық стандарт талаптарын қанағаттандыратын өнім өндіруді мақсат етеді және көздейді. Шығарылатын өнімдердің сапасы кез-келген кәсіпорын қызметінің маңызды критерийлерінің қатарына жатады. Өнімдердің сапасын арттыру, нарық жағдайында кәсіпорынның жұмыс жасау дәрежесін, ғылыми-техникалық прогресс қарқынын, өндіріс тиімділігінің өсуін, кәсіпорында пайдаланылатын ресурстардың барлық түрлерінің үнемделуін анықтайды. Нарықтық экономикаға ауысу кезеңінде көптеген келелі мәселелер ішінде кәсіпорынның тұрақты жұмыс істеуі және оның дамуын ұйымдастыруда шешуші рөлді атқаратын өнімнің және қызметтің сапасы болып табылады. Сапа ХХІ-ғасырдың анықтаушы факторы ретінде мемлекеттің экономикалық жағдайы оның ғылыми-техникалық дамуымен байланысты. Ғылыми-техникалық прогрестің негізгі мақсаты жоғары сапалы өнімді өндірістің қажетті мөлшерде және неғұрлым аз мөлшердегі материалдық еңбек және қаржылық ресурстар шығындарымен жүргізіледі. Сапаны арттыру және әртүрлі бұйымдар мен қызметтердің бәсекелестігі тек қана актуалдық мәселе емес, сонымен бірге ең маңызды мәселенің бірі болып табылады. Өнімнің сапасын арттыру үшін материалдық базадан басқа ынталы және классификациясы жоғары қызметкерлер мен қатар сапаны басқару қажет.

Осы мәселені білген кәсіпорындар сапаны басқаруды бірінші орынға қояды. Себебі жұмыс процесінде сапа жүйесін енгізбей, өнім сапасын қамтамасыз ету мүмкін емес. Өнімді өндіру барысында сапасы қалыптасады, сол себептен сапаны басқарушы жұмыс технологиясын және өндірісті ұйымдастыра білу қажет және барлық өндірістік процесті бақылаусыз қалдырмаудың маңызы зор.

Ұлттық қышқыл сүт сусынын өндіру көбіне сұйық сусындар шығаруға негізделеді. Олардың қатарына қымыз, шұбат, ашымық, айран, қатық, көже жатқызылады.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы:

1. Ұлттық сусын өнімдерін дайындау технологиясы жетілдірілді және жаңа рецептуралар дайындалды;
2. Өндірістің технологиялық режимдерінің параметрлері ғылыми негізделді;
3. Ашытуды қиыстыру әдісі ұсынылды және оны тудырушылардың тиімді арақатынасы анықталды (ашытқы және сүтқышқыл бактериялары).

Жұмысты жүргізудің тәсілі және методологиясы. Шикізаттың, жартылай фабрикаттың және дайын өнімнің микробиологиялық және көзмөлшерлік, физика-химиялық көрсеткіштерін анықтау бойынша зерттеу жұмыстары стандарттық тәсіл бойынша жүргізілді. Жұмыста факторлық анализдерді іздестіру статистикасының компьютерлік бағдарламасы және тәсілдері қолданылған. Соның көмегімен дайын өнімнің сапалық көрсеткіштері және технологиялық режімдірдің оптимальды параметрлері негізделді.

Смотреть в формате PDFСмотреть в формате PDF

Категория: