Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 70 жылдығы мерекесі қарсаңына орай өткізілген «Біз-Жеңістің ұрпақтарымыз» атты патриоттық әндер байқауының сценарийі
Нургожин Шегебай Маруарович заместитель по ВР, стаж — 12 лет, категория — 2. Коммунальное государственное учреждение «Областная специализированная гимназия-интернат для одаренных детей имени Абу Досмухамбетова» акимата Северо-Казахстанской области Министерства образования и науки Республика Казахстан |
Өтетін орны: акт залы.
Уақыты: сағ.14-18.00-ге дейін.
Жүргізушілер:
Сураганов Дархан 10-сынып оқушысы.
Рахимгереева Наргиз 10-сынып оқушысы.
Фанфары
Қазақстан Республикасының мемлекеттік туын кіргізу.
Әнұран орындалады.
1-жүргізуші: Армысыздар! Бүгінгі еңсесі биік егемен елдің жарқын болашағының үмітін ақтар жас ұрпақ, ұстаздар және тәрбиешілер. Құрметті қонақтар. Сіздердің назарларыңызға Ұлы Отан соғысының 70 жылдығы қарасаңында мектебіміздің 1-11 сынып оқушылары және ұстаздар арасында өткелі отырған «Біз-Жеңістің ұрпақтарымыз!» — атты патриоттық әндер байқауын ұсынамыз. Бүгінгі байқауға қош келіпсіздер!
2-жүргізуші: Байқау шарты бойынша оқушылар «отан», «туған жер» тақырыбында ән шырқаулары керек және сахна мәдениеті, орындалатын әнге байланысты киім үлгісі қаралады. Байқау жеңімпаздары әділ қазылар алқасы және тәуелсіз сарапшылар арасындағы келісім бойынша анықталады.
Би «» 6 сынып оқушылары
Жүргізушілер кезектесіп әділ қазылармен таныстырады: Енді қазылар алқасымен таныс болайық!
1. Әділ қазылар алқасының төрайымы мектеп директоры — Тукенова Кулжан Жумашевна;
2. Мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары — Нургожин Шегебай Маруарович;
3. Мектептің көркемдік жетекшісі — Тургунов Айбек Амиржанович.
4. Мектептің АӘД пәнінің мұғалімі — Коспанов Дархан Курманович;
5. Мектептің драмалық үйірме жетекшісі — Есенгалиева Жаксылык Кокеновна.
6. Ата-аналар комитетінің өкілі — Молдабаев Талант Сейткәрімұлы және Какишева Калима Джамбуловна.
Бүгінгі байқаудың ашылу салтанатына орай құттықтау сөз кезегін мектеп директоры — Тукенова Кулжан Жұмашқызына беріледі.
1-жүргізуші:
Қазақстан-көк байрақты нұрлы елім,
Сендегенде лүпілдейді жүрегім,
Өзің менің қуанышым, бақытым
Өзің менің тынысым да тірегім
2-жүргізуші:
Ел құрадық шаттық, құйып көңілге
Жарқырайды Елтаңбаң да төріңде
Іргетасың жатыр берік қаланып
Бетті бұрдың алға-жарқын өмірге!
Жүргізушілер кезектесіп хабарлайды.
Назарларыңызда:
1 — сынып оқушыларының орындауында ән «Казақстан жалауы»
3 — сынып оқушыларының орындауында ән «Туған жер».
2 — сынып оқушыларының орындауында «Снежный барс»
1-жүргізуші:
Сонау жылы жер — көкті
Соғыс бұлты торлаған
Сонда Мәншүк апамыз
Жаудан елді қорғаған.
2-жүргізуші:
Айтамыз біз өлең ғып,
Айтамыз бір жыр етіп.
Әлия апай ерлігі
Ұмытылмас мәңгілік!
Жүргізушілер кезектесіп хабарлайды.
1. 5а — сынып оқушыларының орындауында «Өсиет»
2. 6а — сынып оқушыларының орындауында «Әлия»
3. 6а — ә сынып оқушыларының орындауында «Туған елім»
1-жүргізуші:
Хат жазамын майданнан,
Мейірімді ғазиз анама
Жақыным-жарым дегенмен,
Анадай жақын болама.
2-жүргізуші:
Ет бауырың елжіреп,
Қайғыра берме балаңа.
Ажалсыз адам өлмейді,
Мезгілсіз шөлмен сынама.
1-жүргізуші:
Шаншимын Қызыл Туымды.
Берлин атты қалаға!
Мақсатым бітпей қайтпаймын,
Отанға жаным садаға.
Жүргізушілер кезектесіп хабарлайды.
Қарсы алыңыздар алдарыңызда,
1. 7а,ә — сынып оқушыларының орындауында «Алға Қазақстан»
2. 7а,ә,б — сынып оқушыларының орындауында «Смуглянка»
3. 8ә — сынып оқушыларының орындауында «Синий платочек»
4. 8б — сынып оқушыларының орындауында «Песня о солдате»
5. 8ә,б — сынып оқушыларының орындауында «Елім-ай»
2-жүргізуші;
Көкті бұлт торласа,
Көктен нөсер төкпес пе?
Таралған бұлтты нажағай.
Сорғалап тіліп сөкпес пе?
Жүргізушілер кезектесіп хабарлайды.
1.9ә — сынып оқушыларының орындауында «Журавли»
2.9б — сынып оқушыларының орындауында «Идет солдат по городу»
3.10а — сынып оқушыларының орындауында «Огонек»
4.10б — сынып оқушыларының орындауында «Сарбаздар»
5.11 — сынып оқушыларының орындауында «Ізін көрем»
1-жүргізуші;
Төгілген, нөсер толастап,
Өткінші болып өтпес пе?
Жел аңқылдап, күн шықса,
Қара бұлт көшіп кетпес пе?
Қастасқан жаудың түбіне
Қаһарлы халық жетпес пе? — дей келе,
«Біз —Жеңістің ұрпақтарымыз!» атты патриоттық әндер байқауына қатысатын мектебіміздің ұстаздар қауымынан тұратын әдістемелік бірлестіктердің өнерпаздарын сахна төріне шақырамыз!
Жүргізушілер кезектесіп хабарлайды.
1. «Синий платочек» ағылшын тілі ӘБ.
2. «Огонек» орыс тілі ӘБ.
3. «Ана туралы баллада» — жаратылыстану пәнінің ӘБ.
4. «Темная ночь» миф пәнінен ӘБ.
5. «Катюша» шаруа қызметкерлері
6. «Атамекен» бастауыш сынып мұғалімдері.
7. «Өз елім» тарихшылар ӘБ.
8. «Молитва» тәрбиешілер ӘБ
9. «Бейбітшілік сақталады» қазақ тілі мұғалімдері
2-жүргізуші;
Жасасын Жеңіс
Еңбегі барлық солдаттың,
Болашақ ұрпақ ерлігін айтар жалғап мың.
Қаншама адам ерліктер жасап майданда
Қазақтың атын, халықтың атын самғаттың!
1-жүргізуші: Құрметті ұстаздар және оқушылар! Бүгінгі байқау өз мәресіне де келіп жетті. Сайыскерлерді ортаға шақырамыз. Қортынды сөз кезегін қазылар алқасына береміз. (қазылар алқасы бағалап, марапаттайды) «День победы» әнімен аяқтаймыз.
2-жүргізуші: Бүгінгі ҰОС Жеңісінің 70 жылыдығы қарсаңында ұйымдастырылған «Біз-Жеңістің ұрпақтарымыз» атты патриоттық әндер байқауы өз мәресіне жетті.
Екі жүргізуші бірге:Біз сіздермен қоштаспаймыз. Келесі көріскенше сау болыңыздар дейміз!
«Біз — Жеңістің ұрпақтарымыз»
Ұлы жеңістің 70 жылдығы жақындап келеді.Өткен жылы қазанда Минскіде ТМД мемлекеттерінің басшылары басқосқан үлкен дәрежелі отырыста,Ұлы Отан соғысы Жеңісінің 70 жылдғын, яғни 2015 жылы «Соғыс ардагерлерінің жылы» — деп атау жөнінде арнайы бірлескен қаулы қабылданды. Осыған орай біздің мектепте де іс шара басталып кетті.Тек Қазақстаннан аттанған 1,5 млн. ағаларымыз бен бауырларымыздың жартысынан көпшілігі болашақ ұрпақтарының бақытын сақтап қалу үшін жан алысып, жан беріскен майдан даласында шейіт болды. Осы бабаларымыздың ерліктерін бір сәт естен шығармай болашақ ұрпаққа үлгі етіп, еске алып, мәңгілік дәріптеп, насихаттап өту біздің және болашақ ұрпақтың парызы деп қарауымыз керек. Кеңес Одағының Батыры Әбу Досмұхамбетов атындағы мектептің дарынды оқушылар және ұстаздар арасында «Біз — Жеңістің ұрпақтарымыз!» атты тақырыпта патриоттық әндер сайысы ақпанның 5 жұлдызында өтті. Сайыстың негізгі мақсаты оқушыларды Қазақстандық патриотизм және интернационализм рухында тәрбиелеу, өскелең ұрпақты Отанын, елін, жерін сүюге тәрбиелеу,әскери патриоттық әндерді насихаттау. Сайысқа қатысушыларға қойылған талаптар үміткерлердің орындаушылық шеберлігі,орындалар ән тақырыпқа сай болуы,әнді жанды дауыспен орындау және сахана мәдениеті мен киім үлгісін сақтау. Бекітілген ережеге сәйкес әр үміткерлер өз өнерлерін ортаға салды. Сайыс болған соң жеңімпаздар бар солардың бірі үшінші сынып оқушысы Аманова Айнеляның орындауындағы «Туған жер» әні нақышына келтіріліп орындалып көрмендер арасында елге деген сүйіспеншілігін артыра түсті. Бастауыш сынып оқушылары арасынан әділ қазылар шешімімен Шакиржанова Адина «Снежный барс» атты өлеңімен жеңімпаз аттанды. Сонымен қатар бүлдіршіндер арасында бірінші сынып оқушысы Ибрагимова Алтынай «Қазақстан жалауы» әнін орындауында жүлделі екінші орынға ие болды.
9 «ә» сынып оқушысы Кушеров Нариманның орындауындағы «Журавли» әні айтылған кезде әр көрерменнің көз алдында салқыны сан жылдарға созылған сол бір сұрапыл соғыстың жаңғырығы естіліп тұрғандай әсер қалдырды. Осы өлеңді жанды дауыспен орындап көрермен қауымға жеткізе білген Нариман сайыстың жеңімпазы атанды. Одан әрі сайысты жалғастырған 11-сынып оқушысы Салимова Айнаш "Ізін көрем«атты әнімен гран при иегері болды.
Ал бүгінгі ҰОС Жеңісінің 70 жылыдығы қарсаңында орындалған патриоттық әндер байқауына қол сыбана қатысқан ұстаздар қауымынан тұратын әдістемелік бірлестіктер сахна төріне шыққан сәттен-ақ барша қауымды сол бір қаһарлы жылдардың ызғарын естеріне тағы бір салғандай. Әсіресе химия пәні мұғалімі Оспанова Маржан Кабдоловна «Ана туралы баллада» әнін орындаған кезде залдағы барша көрмендер орнынан тұрып қошемет көрсетті. Маржан Қабдоловна өзінің байсалды, сабырлы тұлғасымен, сыңғырлаған әсем әуенімен репертуарындағы өлеңін орындаған бойы әр оқушының ата-анасына, туған жерге деген сүйіспеншіліктерін одан әрі арттыра түсті. Әділ қазылар алқасы бір ауыздан сайыс жемпазы гран при иегері Маржан апай деп келісті. Математика, информатика және физика пәні мұғалімдері «Темная ночь» әнін орындаған уақытта, жаралы солдаттарды көрген көрмендердің көздерінен жас шыққандары байқалды. Қайғы мен қасірет ала келген соғыс ана, бала, әкенің де бар қуанышын ұрлады. Ұлы Отан соғысы батырларының ерлігін үлгі ету. Оқушыларды адамгершілікке, Отанын сүюге, оны қорғауға баулу. Отанға деген сүйіспеншілігін арттыру, оларға патриоттық тәрбие бере отырып, өз елін, жерін қастерлейтін саналы да парасатты болуға тәрбиелейтін саханалық көрініс пен қатар экраннан соғыс туралы қысқаша мағлұмат берген ұстаздар сайыскерлер арасынан озып шығып, оқ бойы алда екендігін дәлелдеді. Осылайша өз мәресіне жеткен патриоттық әндер сайысына он әдістемелік бірлестіктер арасынан екінші орын иеленген тәрбиешілер болса, жүлделі үшінші орынды қазақ тілі әдістемелік бірлестігімен шаруа қызметкерлері бөлісті.
Ендігі ұрпақ құрметті оқушылар біздің негізгі парызымыз бұл күнді еске сақтау. Сіздердің өз қалауларыңызбен еркін өмір сүріп, мектепте алаңсыз білім алып жатқандарыңыз, сол ҰОС қатысқан ардагерлердің ерліктерінің арқасы. От кешіп, оққа кеудесін тосқан сол бір сарбаздардың ерліктері-бүгінгі бейбіт күннің кепілдіктері. Әрине, соғыс болмасын! Білім алып, ел үшін аянбай еңбек етіп өз еліміздің Отан сүйгіш ұландары болыңдар құрметті біздің жас ұрпақ. Елге қауіп төнбесін. Енді соғыс болмасын! — деген тілекпен «День победы» әнімен бағдарламамызды аяқтадық.
- 15994 просмотра