Волейболдан оқушылар үшін жаттығу сынақтары
Алимжанов Магзан Зайнолдинович Қ.Нұрғалиев атындағы № 43 мектеп-гимназиясының дене шынықтыру пәнінің мұғалімі Шығыс Қазақстан облысы, Өскемен қаласы |
Әдістемелік құрал
Волейбол — ұжымдық ойын, сонымен қатар соңғы спорттық нәтижеге әр ойыншының жеке тактикалық, техникалық қимыл-қозғалыстары әсер етеді. Сол қимыл-қозғалыстарды мұғалімдер көпшілігінде жақсы-жаман, дұрыс дұрыс емес, ұнайды-ұнамайды деп бағалайды. Сондықтан біз, өз мектебімізде түрлі сынақтар қолданамыз. Ол сынақтар әр оқушының сандық және сапалық өзгерістерін анықтауға арналған. Сонымен қатар бұл сынақтар практикада пайдаланса әр оқушының қимыл-қозғалыс сапасын жетілдіреді. Бұл жаттығулар орындауға қарапайым және көп уақыт, орын қажет етпейді.
Волейбол сабақтарында техникалық әдістерді бағалау кезінде жіберген қателерді ескеру керек.
«5» деген баға — қимыл әдісі нақты, өзіне сенімді, жасына қарай талабына сай орындалғанда қойылады.
«4» деген баға — жалпы талаптар сақталған, бірақ бір-екі ұсақ қате бар болғанда.
«3» деген баға — негізінде әдіс орындалған, бірақ бір-екі елеулі болмаса бір елеулі және бір-екі ұсақ қате жіберген жағдайда қойылады.
Оқушылардың техникалық деңгейін анықтауға арналған жаттығу сынақтар:
1. Допты екі қолмен үстінен және астынан алу (5-7 сыныптар).
Жаттығу радиусы 2 м шеңбер ішінде орындалады. Доптың ұшу биіктігі мөлшері шамамен 1-2 м. Допты тек қана үстінен, тек қана астынан немесе еркін түрде орындауға болады. Бағалау: 10 мүмкіндіктен — «5» — 7 рет, «4» — 5 рет, «3» — 3 рет (жаттығуды жалғыздан орындайды).
2. Допты 6-шы аймақтан (зонадан) 3-ші аймаққа жеткізу (арада кемінде 2,5 м биіктікте керілген жіп болу керек). Допты алаңның қарсы жағынан ойынға төменнен қосудан кейін қабылдау керек. Бағалау: 5 мүмкіндіктен — «5» — 4 рет, «4» — 3 рет, «3» — 2 рет (жаттығуды жалғыздан орындайды).
3. 2-ші допты 3-ші аймақтан 4-ші аймаққа биік көтеру. Допты тормен параллель бағытта жіберу керек. Тор мен доп арасы — кемінде 30 см, биіктігі — 3-3,5 м. Бағалау: 10 мүмкіндіктен — «5» — 8 рет, «4» — 6 рет, «3» — 4рет (жаттығуды жалғыздан орындайды).
4. 2-ші допты 3-ші аймақтан 2-ші аймаққа көтеру (3-ші жаттығудың нормативтері бойынша).
5. Допты ойынға астынан белгілі бір әдіспен қосу Бағалау: 5 мүмкіндіктен — «5» — 4 рет, «4» — 3 рет, «3» — 2 рет (жаттығуды жалғыздан орындайды).
6. Допты ойынға үстінен өз таңдауы бойынша қосу. Бағалау: 5 мүмкіндіктен — «5» — 3 рет, «4» — 2 рет, «3» — 1 рет (9-11 сыныптар).
7. 2-ші допты қарсы алаңның белгілі бөлігіне (5, 1, 6 аймақтары) жіберу. Бағалау: 10 мүмкіндіктен — «5» — 7 рет, «4» — 5 рет, «3» — 3 рет (5-8 сыныптар — допты екі қолмен жоғарыдан, 9-11 сынытарп — допты екі қолмен жоғарыдан секіре).
8. Белгілі бағыт бойынша шабуыл соққысын орындау (9-11 сыныптар). Бағалау: 10 мүмкіндіктен — «5» — 7 рет, «4» — 5 рет, «3» — 3 рет.
9. Жекелей тосқауыл қою (доптың ұшу бағыты белгілі). орындау (9-11 сыныптар). Бағалау: 5 мүмкіндіктен — «5» — 3 рет, «4» — 2 рет, «3» — 1 рет.
- 8577 просмотров