9 Республиканский творческий конкурс «Моя Родина — Казахстан» для детей, педагогов и воспитателей Республики Казахстан

 

Ақын-жазушылардың шығармалары-рухани жаңғыру негізі

Международный творческий конкурс «Новогоднее настроение — 2025» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана, стран ближнего и дальнего зарубежья

 

 

Солтүстік Қазақстан облысы, Аққайың ауданы, «Черкасское орта мектебі» КММ, қазақ тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімі, санаты — жоғары өтілі — 30 жыл, Досмагамбетова Асия Бахитжановна

Досмагамбетова Асия Бахитжановна

Орыс  мектептерінде  қазақ тілінен сабақ беру көп дайындықты талап етеді. Сабақ  үстінде оқушылардың жүйелі жұмыс істеуіне мүмкіндік туғызып, тақырыпқа сәйкес қосымша тапсырмалар ойластыру шеберлікті қажет етеді. Өзге ұлт өкілдеріне  мемлекеттік  тілді меңгертуде  пән бойынша терең білім  беріп,  шығармашылық  қабілетін, қызығушылығын дамыту сауатты  ұйымдастырылған  сабақ  барысында  қалыптасады. «Оқушы-толтыратын құмыра емес, тұтататын алау», - деп  Д.Ховард айтқандай,шәкірттеріме сапалы  білім  беру – менің  басты міндетім. Еліміздің өркениетті алпауыт мемлекеттерден  қалыспай, тең қадам басуы үшін  болашақтың  тұтқасын  ұстар білімд  ұрпақ тәрбиелеу-бүгінгі  күннің міндеті. Елбасы осындай жан-жақты дамыған білімді, елжанды, еңбекқор, өзінің  атқарған  ісіне жауапкершілікпен  қарауды  азаматтық  парызы санайтын  ұрпақ тәрбиелеуді  мұғалімдерге  жүктеді.  Әр адамды бір әлем деп қарайтын  болсам, осы нау жеке тұлғаны тәрбиелеп, үлкен  өмірге ұстанар бағдарын айқындап беруші де, дара жол сілтеп, өзіндегі бар қасиетті дарыта білуде ұстаздықтың негізгі биік белесі екені айқын. Абай атамыз «Адамның адамшылығы - ақыл, ғылым, жақсы ата, жақсы ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады» дегендей, адамның жеке тұлға болып қалыптасуында менің ұстаздық алар орны ерекше. Қазақтар «Балаңды өз тәрбиеңмен тәрбиелеме, өз ұлтыңның тәрбиесімен тәрбиеле», - дегендей халқымыздың бойына сіңген атадан балаға жалғасып келе жатқан ұлттық тәрбиесі өзге ұлттардан ерекшеленіп, өздеріне тән қасиеттерді көрсетіп тұратындығын жоққа шығара алмаймын. Мақсаты: Тәуелсіз ел- дің ұлы - өжет,қызы-қайратты,халқы-қаһарман болу керектігіне бағыттау. Міндеттері:1.Тарих шежіресі қаншалықты бай болса,ұлттық тәрбиенің соншалықты құнды болатындығын көрсету. 2.Баланың функционалдық сауаттылығын үнемі білімін жетілдіру. 3.Рухани жаңғыру рубрикасы шығармашылық табыстарға жетудің баспалдағы екенін негіздеп ұғындыру.

«Балаңа бас құр қалдырғанша, тозбас дәстүр қалдыр»  деген қазақ халқы озық жұрттардың санатында болашақ қамын қатты ойластырған. Сол себепті ұлтымыз: «Балаң өзіңе тартса - жұбан, Қоғамға тартса - қуан» - деп бекер айтпаған. Қазақ табиғатында отбасы иелері ең әуелі өз ұлы мен қызының алдында тәрбиелі, өнегелі, көргенді, үлгілі болуға тырысқан. Оның ең басты себебі, «ұлдың ұяты-әкеде,қыздың ұяты-шешеде» деп бағалағандықтан қызын - арға, ұлын-нарға бағалаған. Азаттық жолында жалындап жанып, тәуелсіздікке қолы жеткен халқымыздың қаһарман екендігін тарих шежіресі көрсетіп отыр. Сондықтан да бала тәрбиесі-қашанда киелі ұғым,ал білім тәрбие арқылы бойға сіңеді. Баланың функционалдық сауаттылығын көтерудегі басшылыққа алынатын функционалдық сапалар

Яғни, жалпы білім беретін мектептерде Қазақстан республикасының зияткерлік, дене және рухани тұрғысынан дамыған азаматын қалыптастыру, оның физикалық құбылмалы әлемде әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз ететін білім алудағы қажеттіліктерін қанағаттандыру болып табылады. Бұл Қазақстанның білім беру жүйесінің бәсекеге қабілеттілігін көтеруге септігін тигізері хақ. Әдебиеті әлсіз елдің әдебі де, әдібі де әлсіз келеді. Жалпы,әдеп дейтін бек зат ұғым кез келген ұлт мәдениетінің деңгейі мен рухының беріктігін танытады. Әдеп ұлттың өміршеңдік қабілеті мен күрескерлік қасиетін айғақтайды. Әдебі мен әдібі мықты халықтың тарих ұсынар кез келген уақыт иірімі мен замана ұйығынан өзін-өзі алып шығар, қорғана білер қабілеті мықты болады. Ақын-жазушылардың шығармалары-рухани жаңғыру негізінің өзектілігі: Ғабит Мүсіреповтің ел аузына кең тараған қанатты сөзімен айтар болсам, «Әдебиеті ұлы бол май, ұлт ұлы болмайды» деген өсиетін дәлелдеуді ғылыми айналымға енгізу өзекті мәселе болып табылады.

Тәуелсіздік жолында қазақ бабам не көрмеді десеңізші?!  Еліміздің басынан азап та, аштық та, сұм соғыста өтті. Әсіресе, XX ғасыр Қазақ халқы үшін ауыр тиіп, қайғыға толы кезеңмен есте қалды. Қанша қиыншылық басымыздан өтсе де, оларды ешқашан ұмытпаймыз. Себебі бұл тарих «өткенімізді ұмытсақ, болашақ бізді кешірмейді» деген даналық сөз бар. Мемлекеттік тілдің құлашын кең жаюға, өрісін кеңейту жолында сүбелі үлес қосу мақсатында, орыс сыныптарындағы оқушыларға қазақ тіліне үйрету ғана емес, сонымен қатар алдымызда отырған шәкірттердің отанының қадір-қасиетін сезініп, оның алдындағы ұлт жауапкершілігін ұғатын тұлға қалыптастыру жолында жұмыс жасап келемін. Өзге ұлт өкілдеріне қазақ тілін оқытудағы мақсат-мемлекеттік тілде сөйлей білуге, өз ойын айта білуге, сауатты жаза білуге үйретемін. Мектепішілік «Қазақ- шаңыз қалай?», «Абай оқулары», «Мұқағали оқулары», «Мектебімізде «Тілі басқа, жүрегі бір, түрі басқа, тілегі бір», «Полиглот», «Менің отаным- Қазақстан», «Қазақ тілінің білгірлері», «Тіл-татулық тірегі», «Бірлігіміз жарасқан» атты іс-шаралар өтеді. «Білім алу-батылдық,оны толықтыру даналық, ал шебер қолдана білу-өнер» ғой. «Елдің ұлы болсаң, еліңе жаның ашыса, азаттық намысың болса, қазақтың ұлттық жалғыз мемлекетінің нығайып-көркеюі жолында жан теріңді сығып жүріп еңбек ет. Жердің де, елдің де иесі өзің екеніңді ұмытпа»-дейді Н.Назарбаев.               

Мысалы,

Сабақтың тақырыбы: Ақын-жазушылардың шығармалары рухани жаңғыру негізі.

Сабақтың білімдік мақсаты: Ақын-жазушылардың шығармалары арқылы заманауи тәсілдің ең негізгі ерекшеліктері оқушылардың алған білімдерін жай ғана иеленіп қой май, оларды орынды жерде қолдана білуіне басты назар аударту.

Сабақтың тәрбиелік мақсаты: Ақын-жазушылардың шығармалары арқылы әрбір адамның кіндік қаны тамған жеріне сүйіспеншілігін білдіру, өзінің тарихына, мәдениетіне, салт-дәстүріне терең бойлай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі

Елімнің ертеңінен, болашағынан қорықпайсыңдар, керісінше қуанасыңдар, өйткені келешектерің нұрлы болмақ. Оған себеп, бүгінгі «арыстандай», «жолбарыстай», «қыран- дай» күшті жас ұрпақ, сендердің бүгінгі алға қадымдап бас қан ұтымды ұмтылыстарың деп айта аламын. Сендер қазақ болып туылғандарыңа,осындай бай, байтақ өлкеде өмір сүріп жатқандарыңа, бақыттысыңдар. Өйткені, сен Тәуелсізсін, тәуелсіз елдің ұрпағысың. Білектің күшімен, найзаның ұшымен, соңғы демі қалғанша туған жерімізді қорғап, сендерге аманат етіп қалдырған ұлы даланың, ұлы кемеңгерлерінің арқасында бақытты өмір кешудесіңдер.

Пай! Пай! Пай! Киелі неткен жер!

Батырлар дүрілдеп өткен жер. Тұлпарлар дүбірлеп тепкен жер-деп: қазақтың ақиық ақыны М.Мақатаев жырлағандай, бұл өлке нені көрмеді десеңізші?! Ғасыр ағынымен қанды шайқасты да,қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған бейбіт өмірді де, өзге мемлекеттердің үстемдік етіп, билік жүр - гізуін де,бірбірін жеуге дейін барған аштық заманды да, табиғаттың дүлей күшінде, бәрін-бәрін көрді, келешек ұрпаққа жету үшін тасқа қашап бәрін мәңгі өшпестей сақтап жазды. Бүгін партада отырған ұрпақ-ертеңгі азамат, ел патриотысыңдар. Сол азаматтың бірінші міндеті-өзінің тәуелсіз елдің өркені екенінді ұмытпау, екінші міндеті - сол елді, ірге тасының берік болуына үлес қосу, тәуелсіз елдің патриоты екенін дәлелдеу. Сен - дер тәуелсіздіктен кейін туылған жастардың арасында болсаңдар да, Егемендіктің қандай жолмен келгенін тарих беттерінен білесіңдер. Халқымыздың бостандықты аңсап, Тәуелсіздікке зарыға жетті. Тәуелсіздік жолында еліміз аз қиындық көрген жоқ.Тәуелсіздік ата-бабамыздың ежелден келе жатқан арманы еді.

«Арыстандай айбатты,

 Жолбарыстай қайратты,

 Қырандай күшті қанаты,

 Мен жастарға сенемін!» деп өршіл ақын Мағжан Жұмабаев болашаққа, жастарға үлкен сенім артты емес пе? Ақынның өлеңінде келтірілген көркем сөздеріне лайық болатын- дарыңа сенемін.

Орыс тілді сыныптарда ауызша тіл дамыту жұмыстарына баса назар аударамын. Оқушының ауызша жауабын тыңдап, қателерін айқындап, оларды жою мақсатында түрлі жұмыстар жүргіземін. Әсіресе, мәтін мазмұнын қысқаша әңгімелеу, ауызша жоспар жасату, сөйлем құрастыру, әйгілі адамдардың өмірі мен шығармашылығы туралы ауызша немесе жазбаша әңгімелеу, т.б. жұмыс түрлерін жүргізіп отырамын. Оқушының сөздік қорын дамытып, грамматикалық дағдыларды қалыптастырып, дыбыстарды дұрыс айта білу, сөз тіркесін құрастыру қабілеттерін дамытып отырамын.Мысалы,Туған жер-адам өмірінде киелі орын алады. Нақты осы жер баланы елімен, өткенмен және болашақпен байланыстырады.Туған жер-әркімнің шыр етіп жерге түскен, бауырында еңбектеп, қаз басқан қасиетті мекені, талай жанның өмірбақи тұратын өлкесі. Осы орайда Алаш қайраткері Жүсіпбек Аймауытовтың: «Туған жердің қымбатын ғылым іздеп, кітап қарап   сарылып, көзінің майын тауысқан,көшенің шаңын көп жұтқан шәкірт білмесе,кім біледі? Ыстық қой, шіркін туған жер!» демей ме? Мәселен, Қазақстан!

Пай, пай, пай!

Ардағым-ай!

Сен менің Шолпанымсың жанған ұдай,

Өзіңде өмір сүрген қандай бақыт

Өлмейтін махаббатым, арманым-ай!

Отан, туған жер туралы қандай мақал-мәтелдерді білесіңдер? Олардың баламасын ағылшын және орыс тілдерінде беріңіз. «Туған жердің қадірін шетте жүрсең білесін» деген мақалды қалай түсінесіңдер? Екеу ара сұхбаттасыңдар. «Туған жер - алтын бесік» тақырыбына пікірталас жүргіземін.

Рухани жаңғыру деген ұғымның өзі ұлттық сананың кемелденуін білдіреді. Бірінші ден, рухани жаңғыру арқылы ұлттық сана-сезімнің көкжиегін кеңейту. Екіншіден, ұлттық болмыстың өзегін сақтай отырып, оның бірқатар сипаттарын өзгерту.Эволюциялық даму қағидасы әрбір қазақстандықтың жеке басының дербес бағдарына айналуға тиіс. Латыншаға көшудің терең логикасы бар. Бұл қазіргі заманғы технологиялық ортаның, коммуникацияның, сондай-ақ, ХХІ ғасырдағы ғылыми және білім беру процесінің ерекшеліктеріне байланысты. Туған елге - Қазақстанға деген патриоттық сезімге ұласады. Төртіншіден, жергілікті нысандар мен елді мекендерге бағытталған «Туған жер» бағдарламасынан бөлек, біз санамызға өте маңызды-жалпыұлттық қасиетті орындар ұғымын сіңіруіміз керек .«Қазақстандағы 100 жаңа есім» жобасы  - Тәуелсіздік жылдарында табысқа жеткен, еліміздің әр өңірінде тұратын түрлі жастағы, сан алуан этнос өкілдерінің тарихы. Болашақта ұлттың табысты болуы оның табиғи байлығымен емес, адамдардың бәсекелік қабілетімен айқындалады. Сондықтан әрбір қазақстандық, сол арқылы тұтас ұлт ХХI ғасырға лайықты қасиеттерге ие болуы керек.». - деген Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың сөзі ұлы бастаманың арқауы. Еліміздің ертеңіне көз тіккен Елбасымыз ұлттық құндылықтар арқылы өскелең ұрпақты тәрбилеуге айрықша мән беріп, киелі мекендер мен басқа да жәдігерлер кешенін өзара сабақтастыра отырып, ұлт жадында біртұтас кешен орнықтыруды меңзейді. Осы тұрғыда руханият саласындағы серпіліс оқырман қауымның елінің, жерінің тарихынан мол мағлұмат алып зерттеуіне жағдай жасайды. Елбасы ұлттық рухтың әр уақытта алда тұруы керектігін көрсете отырып, латын қарпіне біртіндеп көшудің уақыты келгендігін ескертеді. Бұл жолда Қ. Жұбановтың танымындағы латын жазуы мен емлесінің алар орны ерекшеленіп «Тілдің ілгері басып дамуы үшін оның емлесі мен термин мәселесі дұрыс шешілмей болмайды. Болмайтын себебі сол өркендеп алға басқан тілдің түрлі тарауының бәрі де сол емле, терминологиямен сабақтасады да отырады.» - деген өрелі ой тастаған екен. Рухани жаңғыру бағыты Қазақстанның құндылықтарының мәнін ашып қана қоймай оны өскелең ұрпақ сезініп, көзімен көретін, өмірлік тәлім-тәрбие алып бабаларалдындағы қарымызды өтеуді, кешенді ізденістер мен мемлекеттік оң көзқарасты талап етеді. Заман талабы тудырып отырған үш тілде еркін сөйлеп, әлемнің кез-келген жерімен еркін байланысқа түсіп жатса еліміздің ертеңінің көркейе түсері сөзсіз.

Пайдаланған әдебиеттер:

1.Катубаев Н.«Шығармашылық жұмысқа баулу» Оқушылардың танымдық ізденісін арттыру. Қаз мектебі. 2002 - №4 .

2.Назарбаев Н. Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру.Егемен Қазақстан. 2017. 12 сәуір

3.Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы «Қазақстанның үшінші жаңғыруы: жаһандық бәсекеге қабілеттілік» 31.01.2017 жыл

4.Әбілқасымова А.Е.Қазіргі заманғы сабақ. - А.2004ж

5. Хуторской А.В. Современная дидактика. Педагогика. - А.,1998

Категория: