9 Республиканский творческий конкурс «Моя Родина — Казахстан» для детей, педагогов и воспитателей Республики Казахстан

 

Балалардың жан-жақты дамуына қамқорлық жасайық

Восьмой международный творческий конкурс «Золотая осень» для детей, педагогов и воспитателей

 

 

Досимбекова Мадина Сагиндыковна. Воспитатель. Город Караганда, детский сад «Мерей». II категория

Досимбекова Мадина Сагиндыковна

Біз көп жағдайда шектен шығып кетіп жүрдік. Бастапқыда бізде былай болды. Балалар тіпті жөргектен шықпай жатып-ақ саяси саналы болсын десіп жүрдік, балалар түсіне алмайтын елеулі мәселелердің өзін түсіндірмек болдық, оларды мектеп жасына дейінгі кезден бастап коммунист етпекші болдық. Бұл дұрыс емес еді. Бірақ балаларды тым баласынып оларды ешнәрсені айыра алмайды деп ойлауғада болмайды. Біз балаларға көп нәрселерді айтып беруіміз керек, олардың білім дәрежесін кеңейтіп, қоғамшыл болуына көмектесуіміз керек. Біз оларға ертегілерді көп оқимыз, ал шындық қандай ертегіден болса да анағұрлым қызығырақ! Сонан соң ертегінің ертегісі бар.

Адамдардың мінез-құлқын, өзара қарым-қатынасын әдемі мысалдармен бейнелейтін мазмұнды ертегілер бар, сонымен бірге ой-сананы күңгірттендіріп, адамды, өмірді дұрыс ұғынуға бөгет болатын ертегілерде бар. Өмір балаларды көп нәрсеге зер сала қарауға мәжбүр етеді, ал біз де бұл жерде қол қусырып отыра алмаймыз...

Балаланың даму дәрежесімен де санасу керек. Мен таяуда балаларға арналған бір ертегінің қойылымын көрдім, онда көптеген әдемі нәрселер бар: ағаштың шешек атып гүлденуі және т. б бар екен. Бірақ маған балаларға көрсетілген ертегінің мазмұны өте күрделі сияқтанып көрінеді, олар бояр дегенді де, патшаның елшісі дегенді де, ол кездегі боярлардың патшасы -дегенді де білмейді, сондықтан мазмұны оларға түсініксіз. 7-8 жастағы балалар үшін бұл ертегінің мазмұны тым жұтан.

Бізде білімді тек кітапқа үңіліп отыру арқылы ғана алуға болады деген түсінік қалыптасқан, ал өмірге зер сала қарау, өмірді байқап, зерттеп білу, жаңаша өмір сүруге үйрену, бұл жағына келгенде біздің тәрбиешілеріміздің жағдайы нашар. Ал шындығында өмірге зер сала қарауға үйрететін экскурсиялар мен ойындар бар ғой. Балабақшадан тыс жұмыста серуенге шығумен басқаларды-табиғатты, адамдарды және айналадағы бүкіл өмірді байқаумен ұштастыруға назар аудару керек. Біз бұған үйретпейміз...

Өкінішке орай, біз әдетте балалардың мүддесін және олардың жас ерекшеліктерін аз ескереміз. Ал шындығында біздің тәрбиешілер адамның табиғатымен балалардың жас ерекшеліктерін білуге тиіс емес пе? Педагогтардың балаларға немқұрайлы қарағандықтары үшін, балаларды формальды қабілетті, қабілетсіз деп проценттеп бөлгендіктері үшін, олардың дамуына, тәрбиесіне көмектесуді ойламайтындықтан кері әсерін өзіміз көріп жүрміз. Сондықтан, баланы жаман, жақсы деп бөлмей оларға бірдей тәлім-тәрбие беріп, баланы әрқашанда мақтап отыру керек. Егер біз балалардың жас ерекшеліктерін білмейтін болсақ және балалардың әдетте қай жаста не нәрсеге қызығатынын білмесек, олардың айналадағы дүниені қалай қабылдатынын білмесек, онда жұмыста табысқа қолымыз жетуі екі талай.