Опубликовано 26.12.2016 - 10:01 пользователем Editor
Біз көп жағдайда шектен шығып кетіп жүрдік. Бастапқыда бізде былай болды. Балалар тіпті жөргектен шықпай жатып-ақ саяси саналы болсын десіп жүрдік, балалар түсіне алмайтын елеулі мәселелердің өзін түсіндірмек болдық, оларды мектеп жасына дейінгі кезден бастап коммунист етпекші болдық. Бұл дұрыс емес еді. Бірақ балаларды тым баласынып оларды ешнәрсені айыра алмайды деп ойлауғада болмайды. Біз балаларға көп нәрселерді айтып беруіміз керек, олардың білім дәрежесін кеңейтіп, қоғамшыл болуына көмектесуіміз керек. Біз оларға ертегілерді көп оқимыз, ал шындық қандай ертегіден болса да анағұрлым қызығырақ! Сонан соң ертегінің ертегісі бар.