Қош келдің, Наурыз!
Шайхыгалиева Бигайша Сагдатовна учитель русского языка и литературы 1-категория КГУ «Аккольская средняя школа» Акмолинская область Зерендинский район |
Ашық сынып сағаты
Мақсаты: Қазақтың ұлттық ұғымдарымен таныстыра отырып, оқушылардың ұлттық салт-дәстүрі туралы түсініктерін кеңейту.
Міндеттері:
Білімділік: Наурыз мерекесі туралы тарихи мағлұмат алу.
Дамытушылық: Топпен жұмыс істеу арқылы танымдық және шығармашылық қабілеттерімізді дамыту.
Тәрбиелік: Халқымыздың ғасырдан ғасырға жалғасып келе жатқан салт-дәстүрлерін дәріптеу негізінде рухани-адамгершілікке тәрбиелеу.
Сабақ барысы:
I. Ұйымдастыру кезеңі
II. Тәрбие сағатын ашу
1.
— Тыңдаңыздар, тыңдаңыздар!
Той дабылын қағып тұрған, мұнда біз бар.
— Естімегендер, естіңдер,
Тыңдамағандар, тыңдаңдар,
Наурыз тойын бастайды!
— Қанекей, қарсы алайық жылдың басын,
Қосылып жасқа жасын, басқа басын.
Барайық келер жылға төрт көз түгел,
Аман боп алыс, жақын, кәрі — жасын.
2. Құттықтау сөз сынып жетекшіге беріледі.
3. «Қош келдің, Жаңа жылым» және «Сарыжайлау» әндері орындалады
4. Наурыз туралы ұғым беріледі
Ұлттық мереке
— Балалар, наурыз көже қалай пісіріледі?
— Наурыз мерекесі туралы не білесіздер?
— Наурыз мерекесінде қандай ұлттық ойындар өткізіледі?
— Өткен аптада масленица мерекесі тойланды. Масленица туралы не білесіздер?
— Не себептен блины дөңгелек формалы?
III. Сабақты қорытындылау
Тәуелсіздігімізді алып, жеке ел болып қалыптасқаннан кейін жетпіс жылдан астам тағдыр тәлкегіне ұшыраған әдетғұрыптарымыз, салтдәстүрлеріміз қайта орала бастады. Олардың бірі әз Наурыз мерекесі де болды. Ежелден келе жатқан тойдуман қазақ халқының өзіндік ерекшелігін сақтауға, елді біріктіруге айқынды рөл атқарып келе жатыр. Бұл жағдай орыс халқының масленица мерекесінде де орын алып жатыр. Сөйтіп, бұл екі мереке де отанымыздағы бейбітшілікті, ауызбіршілікті насихаттауға алдыңғы фактор ретінде орын алуда.
- 18433 просмотра