«Қызықты математика» факультативтік курс
Султангазин Азамат Габиденович учитель математики Казахстан, Северо-Казахстанская область, Жамбылский район, село Бауманское |
Түсінік хат
Қазақстан Республикасы — инновациялық даму бағытындағы ел. Дамудың инновациялық жолы жаңаша ойлауды, алдағыны жоспарлауды, жаңа идеялар мен технологияны болашақта қажет етеді.Осының бәрін еліміз өсіп келе жатқан жеткіншектерден күтіледі.
Мектеп мұғалімдерінің басты мақсаттарының бірі — оқушылардың өзі дамуы үшін пәнге қызығушылығын туғызу. Осы мақсатқа жетудің бір жолы-математикалық үйірмеге оқушылардың қатысуы. Осы мақасатта 4 сыныпқа арналған «Қызықты математика» факультативтік курстың бағдарламасы жасалды.
Математика-мазмұнына сандар мен оларға қолданылатын амалдарды, шамаларды, есептерді, алгебра элементтерін біріктірген, олардың өзара байланысы мен өзара әсерлесуін жүзеге асыратын кіріктірілген оқу пәні. Бағдарламаға іртүрлі таңдамалы арифметикалфқ, сұрақтар, қызықты еептер тақырыптары енгізілді. Бір сыныптағы, бір топтағы балалардың логикалық ойлау қабілеті, деңгейі әртүрлі. Бұл бағдарлама дарынды баланың есепті өз мүмкіншілігіне қарай таңдап алуына қолайлы.
Бағдарламадағы тақырыптар математикалық мазмұны, құрылысы, күрделігі, шығару әдісі бойынша топталған. Осындай әдіс оқушыларға есептің әр тобын біртіндеп игеруге және өзіндік пайдалануына, жаттығуына себептігін тигізіді.
Бағдарламада «Арифметикалық амалдармен жаттығу», «Математикалық ребустар», «Логикалық сұрақтар», «Қатты денелермен жұмыс» «Математикалық жұмбақтар» бөлімінен тұрады.
- 18647 просмотров