Әліппенің ар жағы — білім бағы
Баймаганбетова Асия Хамитовна учитель начальных классов. ГУ «Семеновская средняя школа», посёлок Семеновка, Костанайский район |
Мақсаты: Оқушылардың сауат ашу, оқу барысында алған білімдерін нығайту:
Тәрбиелік мазмұнын ашу, мәнерлеп оқу, үйренген білім — білік дағдылырын ары қарай жетілдіре түсуге жасау.
Оқуға, білім алуға, қоршаған ортаны аялауға, достықпен қарым-қатынас орнатуға тәрбиелеу. Отанға деген сүйіспеншілігін ояту.
Барысы:
Мұғалім: Армысыздар құрметті ұстаздар, оқушылар. Бүгінгі күн ерекше өйткені бүгінгі күні бүлдіршіндеріміз тұңғыш сауатын ашқан «Әліппемен» қоштаскалы тұр. Ендеше болашағымыздың бастамасы әліппені аяқтау ертеңгілігімізге қош келдіңіздер.
Құртетті ұстаздар мен оқушылар!
Кез келді сіздерден ақ бата алар
Ұл қыздар көрсетпекші өнерлерін
Бар қауым тамсана таңдай қағар
Ендеше ортаға сол бүгінгі кештің бүлдіршіндерін шақырамыз «әуен ойнайды оқушылар сахнаға шығады». Құрметті ата аналар! Әліппені аяқтау алдағы өмірге бастайтын көп белестің бірі. Ендеше бүлдіршіндеріміз сол белестің бірінен асты. Ал, бұл біздер үшін үлкен салтанатты мереке. Мереке құтты болсын! Ал, балалар бүгінгі біздің мерекемізге «балапан арнасынан» арнайы қонақ тар шақырған болатынмын. Біздің мерекеге қонаққа келген тойымыздың қонақтары. Әли мен Айяны ортаға қарсы алайық.
Айя: Әли біз адасып кеткен жоқпыз ба кайдамыз өзі
Әли: оны қайдан шығардың Айя.
Мына жер ыстық сиякты қарасай бәрі жазғы киім киген ал мен болсам балалармен қарда сырғанақ ойнаймын деп келгенмін.
Әли: онда менің сиқырлы таяқшамды шақырайық. Осындайда керек дос, ал таяқша көмектес. «Қыс суреті көретіледі. Слайд.»
Айя: О о О тоңдым қайтадан оралайықшы.
Әли: Айя сен ғой қыс деген. «Таяқшан ұстап айтады.»
Осындайда керек дос,
ал таяқша көмектес
Айя: о о о қандай тамаша!
Мұғалім:
Ал балалар айтыңдаршы Әли үлкен бе, Айя үлкен бе.
Онда Али мерекені өзің баста.
Али:
Қуаныш бүгін мереке
Шуағын шашып әлем
Тойға келген қуанып
Қонақтар, сізге мың сәлем
Айя: Армысыздар ардақты ата аналар аяулы ұстаздар! Бүгінгі «Әліппені» аяқтау мерекесі құтты болсын!
Шашу шашу шашайық
Бұл мереке бұл тойдың
Бастаңғысын жасайық.
Әуен ойнайды. «Әжесі келеді» залды аралап шашу шашады.
Айя: Әже, әже Али барлық кәмпиттерді алып қойды.
Әже: Айналайын, балапандарым менің мә көп кәмпиттер берем! Менің немерелерім әдепті болайық, дос болайық солай ғой балалар. Ал, балалар сендердердің ӘЛІППЕНІ аяқтау ертеңгіліктеріңе аталарыңда келді. Сендер бізді танисыңдар ма. Ой ой айналайындарым менің рахмет.
Ата: Ал, балаларсендер айта қойыңдаршы «Әліппеден» не үйрендіңдер
Балалар. Жазуды, оқуды, өлең жаттау, мәнерлеп оқу.
Әли:
Ата балалар «Әліппеге» арнаған тақпақтарын айтқысы келіп тұр.
Ата. Олай болса балаларды тыңдайық.
Балалар тақпақтарын айтады.
1.Акбота
2.Улболсын
3.Алишер
Ән. «Әліппе»
Әже: Атасы ау Құтжолда келіп едігой.
Құтжол. Аф аф мен мұндамын. Сәлеметсіздер ме балалар! Мен сендерге тапсырма ке
ала келдім.
Құтжол. Жұмбақ жасырамын.
Кабат қабат қаттама
Ақылың болса аттама «кітап»
ҚАТЕ жазсаң өшіремін
Бар міндетім осы менің «өшіргіш»
Жазу жаза жалықпаған
Жаза жаза арықтаған «бор»
Әже: «Кім зерек» ойынын ойнайықшы балалар, Атаң екеу ізсендерге
ж аңылтпаш айтамыз сендер қатесіз жаңылмай қайталайсыңдар жарайма
Шілікті шаптым
Жілікті астым
Шілікті жақтым
Жілікті жақтым
Ата: Кәне, балалар енді менің жаңылтпашымды тыңдаңдар.
Айта айта жақ талды
Қайта қайта жатталды
Қайта қайта жатталды айта айта жатталды
Құтжол. Али, Айя балалардың назарын экранға аударайық. «Қыс» суретін көрсету аққала әнін қою.
Әл: Балалар, жылдың неше мезгілі бар
Қазір жылдың қай мезгілі.
Айя: Қыс айларын атаңдар. «Желтосан, қаңтар, ақпан»
Құтжол: «шашылған әріптер» ойынын ойнаймыз кәне, экранға назар аударамыз. Мына шашылған әріптерден сөз құраймыз.
З, Ж, А.
З, К,Ү
К, К,Ө,Т, М, Е
Ы, С,Қ
Жақсы сендерге қай мезгілге ұнайды.
Әли: Балалар мына ән не туралы. Олай болса «аққала» суретін салып беріңдерші.
Әже: Ал, балалар онда денемізді қыздырып алайық. «сергіту» .
Ата: Балалар мына жерде бір кітап жатыр. Кәне кім айтады бұл кітап
Не кітап екен.
ӘЛІППЕ сөйлейді.
Армысыңдар, ұстаздар Армысыңдар, жас достар
Болашаққа жол бастар
Әліппең келді ортаға
Әліпбиді біліңдер
Онда қалып жүйе бар
Айтыңдаршы балалар
Біздің қазақ тілінде
Кәне, қанша әріп бар.
Жарайсыңдар, балалар!
Енді менің сұрақтарыма жауап беріңдер.
Дыбыстар нешеге бөлінеді.
Канша дауысты дыбыс бар. «он бес»
Ал, канша дауыссыз дыбыс бар «жиырма бес»
Менің ең бірінші бетімнен кімнің суретін көрдіңдер. балалардың жауабы.
Олай болса, Ел басына кім өлең оқиды. «Байболат» Ендеше жас достар «Әліппе» туралы жыр шумақтарыңды тыңдайын.
Балалар тақпақтарын оқиды. жеті бала.
Жарайсыңдар, балалар! мені жақсы оқыдыңдар сендерге өте ризамын: Болашақта осылай оқыңдар! Білім сапарларыңда жолдарың болсын! Сау болыңдар сүйікті достарым!
Хормен. Әліппе, саған мың алғыс!
Әли: Бүлдіршіндердің бақыт гүлі ашылсын
Ақылына әлем халқы бас ұрсын
Дәл осылай ниетпенен ағайын
Ақ жолына ән шашуы шашылсын ән. Гүлмира, Ұлболсын.
Айя: Балалар, айтыңдаршы біз тағы қандай пәндермен доспыз.
Дүниетану табиғат ортасы
Еңбек бәрін жеңбек
Сурет шіркін сурет сабағы ауылды еске алады.
Музыка ән айтамыз көңілді,ұзартамыз өмірді.
Әли: Тағы қандай пәндер бар еске түсірейікші.
Өзін өзі тану ұлттық тәрбие алу.
Математика ғылым анасы
Барлық пәндер бізге керек
Бестік баға күнде керек.
Айя: Біздердің әліппеден кейінгі сауатымызды жалғастыратын «ана тілі» оқулығы
Әли: Талап, еңбек терең ой, Қанағат рақым ойлап қой, деп Абай атамыз айтқандай осы бес асыл қасиетті бойымызға дарыту үшін «Ана тілін» де меңгеруіміз керек.
Хор: Ана тілін де жақсы оқимы.
Ата: «Ана тілі» бізді туған тіліміз
Анамыздай сыйлап бағып қағамыз
Ана тілін сүйеміз!
Басымызды иеміз! Ән. Балнұр
Әже: Қымбатты балалар сендердің «ӘЛІППЕНІ» жақсы меңгеріп,
Сауатты оқуларыңа ата-аналарынныңда қосқан үлесі мол. Сондықтан бәріміз ата анаға рахмет айтайық.
Бәрі: Ата анаға рахмет. Би Ақбота
Әли: Балалар сендер әліппемен қоштастыңдар. Сендердің біліммен өнерлеріңнің куәсі болдық. Алдағы уақытта сабақты тек қана бес деген бағаға оқитындарыңа кәміл сенемін.
Айя: сөзіміздің соңында құттықтау сөзді мектеп басшысы: Ыбышева Алма Қияқ қызына береміз.
Әли: ата-анаға да сөз кезегі келді құттықтау сөз ата анаға беріледі.
Кұтжол, Айя, Әли, Әже, Ата осымен ертеңгілігіміз аяқталды сау саламат болыңыз дар.
- 8976 просмотров