Мен Өз Отанымның Патриотымын
Жусупова Баян Сапаргалиевна воспитатель, высшая категория, стаж 22 года, Ясли-сад «Снежинка», Республика Казахстан, Северо-Казахстанская область, г. Петропавловск
|
Білім беру саласы: Таным.Қатынас.
Сабақтың мақсаты: Балаларға патриоттық, эстетикалық, адамгершілік тәрбие беру, өз ой-пікірін білдіре алатын балаларды тәрбиелеу.
Балаларды ұлтжандылыққа, инабаттылыққа, достыққа, адамгершілікке тәрбиелеу.
Міндеттері:
1. Отанымыздың салт-дәстүрін сақтап, әрі қарай жалғастыратын ер азаматтар болып өсулерін қалыптастыру.
2. болашақта Отанымыз Қазақстанды өркендетуге білімді бала болып өсулерін түсіндіру.
3. Елінің патриоты, Қазақстанның мақтанышы болуға тәрбиелеу.
4. Дамытушылық: Киіз үй туралы, Қазақстан Республикасының рәміздері туралы, мұражай ішіндегі заттармен, суреттер туралы айтып беру. Отанды сүюге, туған жеріне, еліне деген сүйіспеншілігін арттыру. Балалардың таным белсенділіктерін, қызығушылықтарын дамыту.
Керекті құралдар: Киіз үй, киіз үйге арналған құрал-жабдықтар, ойнауға арналған заттар, мұражайға арналған заттар, суреттер.
Қатысушылар:
Үлкендер: Тәрбиеші, саяхатшы
Кейіпкерлер: Алтын адам -қыз бала, балалар.
Сабақтың барысы:
Мотивациялық қозғаушылық:
Тәрбиеші балалармен топқа кіреді.Қонақтармен амандасады.
«Қуаныш»
Шаттық шеңберіне тұрады.
Шаттық шеңбері.
Қуанамын мен күнде,
Таң арайлап атқанда,
Гүл жұпарын шашқанда.
Қуанамын әр күні
Болған сайын көңілді,
Ата-анам сыйлаған
Жақсы көрем өмірді.
Тәрбиеші: Біз аспаны ашық, сәулелі, кең, байтақ елде тұрамыз. Ол ел? Қазақстан
Тәрбиеші: Бейбіт таңдар арайланып атады,
Туған жерді аймалады шапағы,
Байтақ елім, Қазақстан!
Ең бақытты балалардың Отаны!
Осы жылы Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне неше жыл болады? Өз бетімен ешкімге бағынбай өмір сүрген елді тәуелсіз ел деп атайды.
Тәрбиеші: Балалар, хабарлама тақтасына Хабарландыру іліпті, жүріңдер көрейік.
Алғаш рет Президенттің мұражайына сіздерді шақырады
Тәрбиеші. Балалар, мұражайға барамыз ба?
Тәрбиеші: Мұражайға қалай баруға болады?
Тәрбиеші: Дұрыс айтасыңдар, бірақ біз жаяу барып серуендеп келейік.
Тәрбиеші: Балалар, мұражайдашулауға, жүгіруге, қолмен заттарды ұстауға болмайды.Өйткені мұражайда құнды заттар, олардыбағалай білу керек.
Перде ашылады. Мұражайға келеді.
Ұйымдастырушылық-ізденістік
Тәрбиеші: мінекей балалар мұражайға да келдік.
Саяхатшы: Сәлеметсіздер ме! құрметті қонақтар Президенттік мұражайға қош келдіңіздер. Біздің мұражайымыз Нұр — Сұлтан қаласында, 2005 жылы ашылды. Бұл жай мұражай емес, ерекше мұражай мұнда Алтын адамды көріп тұрсыздар, және басқада бірнеше экспонаттарды көре аласыздар
Алтын адам: Жыр арнадым еліме тебірене.
Үміт артам елімнің ертеңіне.
Қазақстанның әсем елі құтты болсын.
Отаным жылдан жылға көркеюде.
Тілеймін әр адамға бақыт қонсын.
Елімде бейбіт, тыныш заман болсын.
Саяхатшы: Балалар, сіздерге
бірнеше экспонаттарды көруге ұсынамыз.
Киіз үй-туралы айтады.
Алтын Адам: Балалар мен де осындай
киіз үйде
тұрғам.
Мен де сендер сияқты бала кезімде ойын ойнағанды жақсы көргем. Сендермен бірге «Тақия» ойынын ойнайық. Шеңберге тұрамыз, ал бір баланың қолында тақия болады, ол ортада тұрып балалардың басына тақияны кигізіп шығады. Санамағы біткенде, тақия кімнің басында болса, сол бала ортаға шығып тақпақ, би билеп береді.
Алтын Адам: Қазір Қазақстан қандай болды?
Тәрбиеші: Біз саған Алтын Адам тақпақ айтып, бейнефильм көрсетейік Қазақстан туралы.
Бейнефильм «Қазақ елі».
Саяхатшы: Қазақстан Республикасың рәміздерін білесіңдер ме?
Айтып беріңдерші?
Тудың-түсі көгілдір, ортасында күннің көзі бейнеленген, астында қыран бүркіт қалықтап ұшып жүр. Шетінде қазақтың ұлттық ою өрнегі салынған. Елтаңба—туралы айтады. Ән ұран—туралы айтады. Тұңғыш Ел басшымыз-Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев туралы айтады. Теңге-туралы айтады.
Балалар ал сендер рәміздер туралы тақпақ білесіңдер ме?
Қане айтып беріңдерші.
Балалар тақпақ айтады.
Жарайсыңдар балалар, сендер тақпақтарды жақсы біледі екенсіңдер.
Сендерге ойын ойнауды ұсынамын.
Ойын «Қазақстан Республикасың тәуелсіздігі жылдары»
Мақсаты: Осы жылдары қандай өзгерістер болғанын айтып беру керек.
1991-Тәуелсіздігі туралы конституция заңы қабылданды.
1992-балалардың мейрімділік «Бөбек» қоры дүниеге келді.
1993-Қазақстанның ұлттық валютасы теңге айналысқа келді.
1994-Талғат Мұсабаев ғарышқа ұшты.
1995-Қазақстан халықтарының Ассамблеясы құрылды.
Саяхатшы: Бұл жылдары елімізде қандай өзгерістер болғанын жақсы біледі екенсіңдер, жарайсыңдар.
Алтын Адам: Балалар, сендер туған жерді қалай жақсы көресіңдер?
Тәрбиеші: Балалар туған қаласы жайлы бейнеролик көрсетіп берсін.
Алтын Адам: Қалаларың өте әдемі екен балалар. Біздің мұражайға сыйлыққа суретін салып бересіңдер ме?
Тәрбиеші: Қаланың суретін жапсырып мұражайға тапсырайық.
Тәрбиеші: Міне қаламыздың суреті дайын болды, енді мұражайға сыйлайық.
Саяхатшы: Қалаларың сондай әдемі екен, рахмет. Біздің де сіздерге және қонақтарға арналған сыйлығымыз бар. Сыйлықты беру.
Тәрбиеші: Барлық елдің бөбегі.
Бір — бірімен туысқан.
Бәрімізге төгеді.
Өз шуағын күміс таң — дей отырып қазір
«Достық» әнін жырлайық
Ән: «Достық»
Рефлексиялық — түзетушілік
Қорытынды: Балалар біз қандай мұражайға бардық?
Мұражайда не көрдік?
Не сыйладық?
Күтілетін нәтиже:
Біледі: өздерінің туған жері, өлкесі туралы біледі.
Игереді: киіз үй туралы, Қазақстан Республикасының рәміздері туралы, мұражай ішіндегі заттармен, суреттермен танысты.
Меңгереді: сұрақ — жауап, арқылы тапсырманы орындайды.
- 7662 просмотра