Ауызша журнал «Поэзия — жүрек тілі»
Жанабаева Акбота Алтынбаевна, учитель казахского языка и литературы КГУ «Средняя школа № 3» г. Житикары Костанайской области. Первая категория, педстаж — 26 лет |
Көрнекіліктер: слайдтар, ақынның кітаптары.
(Мұқағали Мақатаевтың портреті, слайд)
1 ж-ші. — Қайырлы күн, құрметті көрермендер!
2 ж-ші. — Армысыздар, ардақты ұстаздар мен оқушылар!
«Поэзия — жүрек тілі» атты ауызша журналды бастауға рұқсат етіңіз.
1 ж-і — Әрбір әрпі қанға шомған тарихына қараңдар,
Отырардай опат болған қала жоқ па, жараңдар,
Тату тәтті бармысыңдар,
Армысыңдар, Адамдар! — деп Мұқағалидің сәлемдесу салтымен амандасайық. Қош келдіңіздер, өнер сүйер қауым!
2 ж-і — Біздің журналымыздың бірінші парағына назар аударайық.
(1 — парақ «Менің анкетам», слайд)
Ақын М. Мұқатаев 1931 жыл Алматы облысы, Нарынқол ауданында дүниеге келген. Әжесінің қолында өскен бала-шағы соғыспен қатар өткен.1948 жылы — Шибұт ауылында ауылдық кеңестің хатшысы; 1950 ж. — Алматыдағы Шет тілдер институтының неміс тілі факультетіне оқуға түседі; 1954 ж. — Қарасаздың бастауыш мектебінде орыс тілі мұғалімі болып істейді; 1957 ж. — Республикалық радионың диктор қызметін атқарады; 1960 — 62 ж.- «Советтік шекара» газетінің бөлім меңгерушісі; 1963 −65ж.- «Мәдениет және тұрмыс» журналында жұмыс істейді.
1 ж-і — Айтылар естеліктер мен туралы,
Біреулер жан еді дер өр тұлғасы.
Біреулер тұлпар еді деуі мүмкін,
Бүтінділмей кеткен бір ер-тұрманы.
Енді ақынның өз өмір жолы туралы жазған «Менің анкетам» өлеңін тыңдап көрейік.
2 ж-і. — Өзеннің басталуы, өнердің басталуы — екеуі де қасиетті. Өзеннің көзі бұрқ еткен қайнардан ашылса,өнердің көзі бір шумақ өлеңнен не жалғыз қара сөзден басталмақ. Даналық әрқашан балалықтан басталады. Біз таныған, мойындаған Мұқағали да бала күнінен дараланыпты. Тас жарардай таланттың азуын аяқ алысы байқалады.
(2-ші парақ «Поэзия», слайд)
1 ж-і. — «Поэзия!»
«Менімен егіз бе едің?»
Дарыны дараланып, шығармашылық салада басы жанған Мұқағали Мақатаев қазақ поэзиясының жаңа бетін ашты. Өзінің қамшының сабындай қысқа ғұмырында артына өшпес із қалдырды.
(слайдтар)
2 ж-і. — Табиғат Мұқағали Мақатаевтың шығармашылығының жаны деп ойлаймыз. Ғажайып табиғат суреттері болмаса, Мұқағалидің өлеңдері қайталанбас сұлу болуы мүмкін бе? Табиғат ақынға қанатты шабыт береді. («Тау бұлағы», слайд).
1 ж-і. — Өмір туралы толғанған ақын сөзі былай екен: (Өмір деген...)
2 ж-і. — Сүйікті балаларым менің!-дейді ақын өз күнделігінде. — Ақылсыз болмаңдар. Өмір жолы қауіп, абай болыңдар! Өмірдің әрбір құбылысына ақылмен қараңдар. Бір сөзбен айтқанда, сүйе де, жек көре де біліңдер, бірақ әрқашанда адам қалыптарыңда қалыңдар. («Сәби болғым келеді», слайд).
1 ж-і. — «Поэзия — үміт сенімі, жүрек дірілі, жан тынысы, шексіз сезімге толы махаббат». Енді Мұқағали поэзиясымен қалай сырласқанын көрейік. («Поэзия»).
2 ж-і. — Мұқағали жырлары — ел-жұртының қасаңдап бара жатқан жан әлемін сәуле-шуағымен әрлендірер, қуат берер күші болып отырғаны шындық. «Үш бірдей бақытым бар алақанда, мені мұндай бақытты жаратар ма?» деп жырлаған ақын. («Үш бақытым»).
1 ж-і. — Ана — өмір сыйлаушы, бала бағбаншысы. Анаға деген махаббат, сүйіспеншілік сезімі жырдың алтын арқауы болмақ. Ендеше, ақынның ана тақырыбына арнаған өлеңі — «Шеше, сен бақыттысың». (слайд)
2 ж-і. — Жампоз жырдың дүлдүлі — Мұқағалидің өлеңдері халық жүрегінен терең орын алған. («Сен көріктісің», слайд).
1 ж-і. — Келесі кезекті махаббат тақырыбына арналған өлеңдеріне береміз. («Махаббатым өзімде»).
2 ж-і. — Аққулар. Аңыз көп қой олар жайлы, көзіңмен көргеніңдей бола алмайды. Тек қана тыныштықта ұйықтайды олар, шошыса, екінші рет оралмайды. Олай болса, осыны дәлелдеген ақынның «Аққулар ұйықтағанда» поэмасынан үзінді тамашалаңыздар. («Аққулар ұйықтағанда» слайд).
(3-ші парақ «Айтылған естеліктер мен туралы», слайд).
1 ж-і. — Ақын Ораз ақын Асқар айтқандай, «жұмыр жердің қай түпкіріне барсақ та, Мұқағали алдымыздан шығады», өйткені халықтың жыры да, пірі де — Мұқағали. Мұқағали туралы естеліктерді тыңдайық.
(4-парақ «Өлтіре алмас, алайда, өлеңді ешкім», слайд).
2 ж-і. — «Өлтіре алмас, алайда, өлеңді ешкім». Иә, өмір ешқашан ұлыларды, дарындарды тірі кезінде еркелетпеген. Олардың даңқы қайтыс болғаннан кейін ғана шығады. Тек соңғы уақытта біз бір кездегі пенделікпен кеткен қателерімізді жөндеген сияқтымыз. М. Мақатаевтың өлеңдеріне Шәмші Қалдаяқов, Нұрғиса Тілендиев, Ілияс Жақанов, Алтынбек Қоразбаев, Бейбіт Оралұлы, т. б. сазгерлер өлең жазды. (композиторлардың портреттері). (1-2 әнін тыңдау).
(5-парақ.Халық сүйген ақын. (портрет) слайд).
1ж-і. — М. Мақатаев халықты қалай сүйсе, халық та оны солай сүйеді. Ал, халық сүйген ақын мәңгі жасай бермек!
2 ж-і. — Жылдар өтер...әлі небір ақындар дүниеге келер. Бірақ қара өлеңнің құдіретін аспанға бір-ақ көтерген Мұқағали есімі қашанда биіктен көрінер. Мұқағали поэзиясы әрбір мезгілмен бірге, әр ұрпақпен бірге мәңгілік жасай бермек.
1 ж-і. — Иә, өлең өлмейді. Ендеше оны жазған ақын да өлмейді.
2 ж-і. — Біз оның қасиетті жырының алдында: «Қош, бізге мақтан болған, бұдан былай да мақтан бола беретін ақыным» деп басымызды иеміз. Осымен, ауызша журналымыздың соңғы парағы жабылды.
Көңіл қойып тыңдағандарыңызға рахмет!
- 13580 просмотров