9 Республиканский творческий конкурс «Моя Родина — Казахстан» для детей, педагогов и воспитателей Республики Казахстан

 

Отбасымен бірге

Восьмой международный творческий конкурс «Золотая осень» для детей, педагогов и воспитателей

 

 

 

Есмуханова Маржан Нуртазовна учитель английского языка, стаж 25 лет, первая категория КГУ «Мортыкская СШ» Уалихановский район Северо-Казахстанской области

Отбасымен бірге

Мақсаты: Бала бойына осы тәрбие сағаты арқылы сүйіспеншілікті, жылылықты ұялату.

Оқушыларды манерлеп оқу, сөйлеу мәнері, ән-би арқылы ой-өрісін дамыту.

1. Құрметті ата-аналар! Бүгін біз сіздермен «Отбасы күніне» орай өткізіліп жатқан ашық тәрбие сағатына жиналып отырмыз. Отбасы деген не? (Бір шанырақтың астында тұрған жақын туыс адамдар)

Бұл шанырақ биік, керегесі кең, табалдырығы берік болу үшін қандай қарым — қатынас болуы тиіс?

2. Күн нұрына орналастырамыз.

Бірлік, сыйластық, сүйіспеншілік, құрмет, бақыт, береке, ынтымақ.

3. Бала деген кім? (Отбасының гүлі)

Гүлдің бейнесіне орналастырамыз.

Сонда осы шаңырақтың астында тату-тәтті өмір сүруге артық не бар? «Әке-асқар тау. Ана-ағып жатқан бұлақ, бала-жағасындағы құрақ» Әке-асқар таумыз әр уақытта биіктен көрінсе, ағып жатқан бұлақ сарқылмайтын қазына болса, сол бұлақтың жағасында әр кезде жап-жасыл құрақтар өсіп тұрса, табиғатымыз отбасымыз әсем болмай ма?

4. Адамға тәрбиені ата-ана, мектеп, қоғам береді. Бала тәрбиесіндегі алғашқы ұстаз-ата-ана. Шыр етіп сәби дүниеге келген кезден бастап ата-ана алдында үлкен міндет тұрады- ол бала тәрбиесі. Олардан артық тәрбиеші жоқ. Жас шыбықты қалай исең, солай өседі. «Ұяда не көрсең ұшқанда соны ілесің» демекші ата-ана тәрбиесі бала өмірінде үлкен із қалдырырады. «Адамның адамшылығы жақсы ата-ана, жақсы құрбы, жақсы ұстаздан болады»

Алдымен сүй ардақты ата-анаңды, Үлгілі ұрпақ атадан бола алады. Бар жақсылық балаға бұл ғаламда, Мейірімінен ананың жасалады. Жырақ жүрген ата-анасын сағынған, Ата-анаға сәлем айтқан ән-жырдан. Екеуінің қуанышы, тілегі, Әрқашан да бір арнадан табылған.

Отбасы дегеніміз — ата-ана мен бала. Сендер үшін қызықты сұрақтар.

— Елекпен су тасуға бола ма?

— Аңшы көлде жүрген бір оқпен атса, көлде неше үйрек қалады?

— Есік пен терезенің арасында не тұр?

— Орыс күнтізбесінде ең қысқа ай?

— Қай өзен ең қорқынышты?

— Страус өзін құспын деп айта алады ма?

— Нені дайындауға болады, бірақ жеуге болмайды?

— Жасыл доп Сары теңізге құласа не болады?

— Қай қолмен шәйді араластырған дұрыс?

— Қандай сұраққа «иә» деп жауап бере алмймыз?

— Он жұмыртқа салынғансебетті екі рет түсіріп алсаң нешеуі қалады?

5. Оқушылардың үй тапсырмалары.

Ән айту, жеті атасын айту, отбасы туралы шығарма жазу, отбасына арнап өлеңдер оқу, би билеу. Гүлдерді бір құмыраға жинау.

a) Ата-аналарға арналған тапсырма «Балаларыңызды тани аласыздар ма?»

Үйде оны «ботам» деп еркелетеді екен. Жақсы көретін спорт түрі — хоккей және футбол. Сүйікті пәні — геометрия.

Сүйікті тағамы-сүт кеспе. Бірінші сыныпта Жанибекпен отырғаны есінде. Қазір кішкентай бауырларына қамқор болып жүр.

Үйде «Айгөлек» деген аты бар екен. Өзі де"Айгөлек"бағдарламасындағы сияқты ән айтуға жақсы көреді.

Оның сүйікті тағамы — манты. Жақсы көретін ойыны — регби. Бос уақытын інісімен өткізуге жақсы көреді.

GTA, Dagestan2 деген компьютер ойындарын жақсы көреді. Анасы дайындайтын тағамдардын барлығын жақсы көреді.

Өзі үялшақ. Спортпен айналысуға, компьютер ойындарын ойнауға және сурет салуға жақсы көреді екен.

Құрметтейтін адамы-ағасы. Сүйікті тағамы- қазақтың бешбармағы. Ал өзі біздің мектебіміздің «Psy» ы.

Ән айтуға жақсы көреді екен. Келешекте атақты әнші болатынына сеніміміз зор.

Болашақта кондитер болғысы келеді. Тәтті тоқаштар мен торттарды пісіруге жақсы көреді.

Қыз болса да оның сүйікті спорт түрі — футбол. Ол жеті атасын да жақсы біледі екен.

Бүл кейіпкеріміз да жеті атасын жақсы біледі. 22 наурыз оған тек мереке ғана емес.

В) «Танып ата» ойыны

Алақандарының суретін салу және отбасына тілектерін жазу.

Отбасымен бірге

6. Балаларға тапсырма

Бүгінгі тәрбие сағатынымыздың қонақтарымен таныс болыңыздар. «Кімнің ата-анасы» ойыны.

Бүл ата-аналардың аттары бірдей әріптен басталады. Тәжірибелі,ұлын ұяға, қызын қияға қондырған ата-ана. Жиені үшін ішкен асын жерге қоятын ата-ана. Төрт бірдей жігіттердің ата-анасы. Бүл ата-аналардың есімдері бірдей әріптен басталады. Екі ата-ана да бір салада еңбек атқарады. «Алма» деген сөзден құралған есімі бар ата-ана. Қазіргі кезде мұғалімге зор көмегі тиюде. Оның есімінде мамандығына қатысты құрал атауы бар. Балаларға тәтті,дәмді тамақты үйде да жұмысында да дайындайды. Арамызда «Күміс алқа» жүлдесіне иегер ана. 2001 жылы, Телжан ауылының қызығы естерінде қалған ата-ана.

7. Балаларыныздың тілектерін оқыдыныздар.

Енді сіздер құмырадан бір гүл алып, балаларыңызға қандай тілек тілейсіздер.

8. Құрметті ата — аналар, оқушылар!

Сіздердің отбасыларыңызға сыныбымның атынан тек жақсылық тілеймін!

Қыздарыңыз қызғалдақтай құлпыра берсін, ұлдарыңыз ізгі армандарыңызды орындай берсін деген тілекпен бүгінгі тәрбие сағатын тәмамдаймын. Келген қадамдарыңызға гүл бітсін!

Категория: