Ойын сабағы
Солтүстік Қазақстан облысы, Есіл ауданы, Амангелді орта мектебінің, Қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі, Қожантаева А. Ж. |
4-сынып
Лексикалық тақырыбы: Ойын
Грамматикалық тақырыбы: Буын. Буын түрлері
Сабақтың мақсаты: сабақтың нақты лексикалық тақырыбына арналған сөздер туындысы маңында ауызша сөйлеуін жетілдіру, оған қойылатын талаптар: дұрыс, тиімді, керекті жерде қолдана білу. Буын және оның түрлері ажырата білуге.
Сабақтың міндеттері: үйрету
Білімділік — ойын тақырыбы бойынша сөйлеу қабілетін дамытып, сөз қорын болықтыру. Осы тақырыпқа арналған сөз тіркесі, сөйлем құрастыру іскерлігін қалыптастыру.
Дамытушылық: сөз, сөз тіркесі, сөйлем құрастыру арқылы ауызша сөйлеу әдетін дамыту.
Тәрбиелік: ұлттық ойындар арқылы қазақ халқының әдет-ғұрпын түсінуге қызығушылық тудыру.
Көрнекілік: сөздер, сөздіктер, суреттер, магнит, кассета, асықтар, дойбы, плакаттар, үлестірмелі материал, доп.
Техникалық: магнитофон
Сабақтың типі: жаңа тақырып
Сабақтың түрі: жарыс сабақ
Қолданылатын әдіс-тәсілдер:
1) сұрақ-жауап әдісі
2) доп және үндемес ойыны арқылы жүргізілетін білім сайысы
3) схема арқылы буын түрлерін ажырату
4) «еңбек» туралы мақалдар айту (топпен)
5) орысшадан-қазақшаға аудару
6) тыңдау
7) қайталау
8) тест тапсырмалары
Сабақтың барысы: 1) Ұйымдастыру кезеңі
— Сәлеметсіздер ме, балалар?
— Сәлеметсіз бе, мұғалім?
— Отырыңдар.
— Бүгін мен сандармен кездесіп отырғаныма өте қуаныштымын. Бұрын қазақ балалары асық жинауға жарысатын. Кім көп асық жинайды. Кім жақсы жұмыс істейді, сол балаға мен мынадай асық беремін. Жақсы ма?
— Жақсы
— Балалар, сендерге ойын ойнау ұнай ма?
— Жауап
— Ал, еңбек ету ше?
— Сендер еңбек туралы қандай мақалдар білесіңдер?
Үй тапсырмасы:
Балалар, тақтаға қараңдаршы, мынау не?
Суреттермен жұмыс: сыпыртқы, күрек, гүл, ағаш, шелек, үй.
Мынау қандай шелек?
Ал, мына суретте бала ағашты не істейді?
Бала ағашты екті.
Бала сыпыртқымен не істейді?
Бала сыпыртқымен сыпырды.
Еңбек еттік, енді демалайық. Сендер қалай демаласыңдар?
Лексикалық тақырыпты түсіндіру:
Каждый из вас проводит время по-разному, но больше всего вы любите играть.
Сендерде қандай ойыншықтар бар?
Сенде не бар?
Ал енді ойнайық «Күн, түн» ойыны. Күн — это день, түн — это ночь. Когда я говорю «түн» глаза закрываете рукой и опускаете голову, а я в это время убираю какой-нибудь предмет. Если я говорю «күн», то поднимаете головы и отвечаете на вопрос: не жоқ?
— Қандай ойындар білесіңдер?
— Мында қарандаршы, мынау қандай ойын?
— Что это за игра? (догонялки, қуаласпақ)
— А это что за игра? (шашки — дойбы)
— Мынау қандай? (асық, что такое «асық» түсіндіру)
Ойна — играй
Ойнаймын — буду играть
Грамматикалық тақырыпты түсіндіру:
А) ауызша. Буын-қазақ тілінде сөзде неше дауысты дыбыс болса, сонша буын болды. Буын түрлері ашық-А-ВА, а-та; тұйық- АВ, ат, ет, ел; бітеу-ВАВ, мал, шаш.
— балалар, қарандаршы бұл сөздер жуан ба, жіңішке ме? (жауап). Мысалдарды дәптерлеріне жазу.
— енді буынға бөлейік, дәптерлеріңе жазыңдар.
Жасырынбақ, қуаласпақ, дойбы, асық.
Жа-сы-рын-бақ — ВА-ВА-ВАВ-ВАВ
Ал енді кассетадан сөздерді тыңдап, қайталаңдар. Енді буын түрлеріне ажыратыңдар.
Қазақ, сөз, ойыншық, ойын, шелек, шырша
Тағы сөздерді қайталап, аударайық
Сергіту сәті: (2 мин) Мен қоянмын, қоянмын
Барабанда ойнаймын
Трата-3 рет
Барабанда ойнаймын
Мен баламын, баламын
Далада доп ойнаймын.
— енді, сөз тіркесін құрап, буынға бөлейік, мына сөзде неше буын бар?
Мына сөзде неше буын бар?
Ақасық, екі дойбы, қуаласпақ,
ойна, жасырынбақ, ойнаймын,
— енді, сөйлем құрастырыңдар, дәптерлеріне жазыңдар.
Мен қуаласпақ ойнаймын
Сен қуаласпақ ойна
— енді орысшадан қазақшаға аударыңдар (доппен)
Я буду играть в мяч.
Я буду играть в асық
Ты играй с куклой
— Ал қазір біз «Кім ынталы» ойынын ойнаймыз. Поиграем в игру «Кто внимательный». Қазір диалог тыңдайсыңдар кассетадан, таныс сөздерді таб.
Енді кітаптын 71-бетін ашыңдар, диалогты бір рет оқыңдар, кітаппен жұмыс.
Ал енді кім маған мәнерлеп,әдемілеп оқып береді?
Енді доппен ойнайық.
Мен сұрақ қоямын, сендер жауап беріңдер.
— Сен ойнайсың ба?
— Мен ойнаймын
— Сен не ойнайсың?
— Мен доп ойнаймын.
— Саша, сен не ойнайсың?
— Мен қуаласпақ ойнаймын.
Бекіту: Балалар, тақтаға қарандаршы, мына сөздердің буындары ауысып кетіпті. Дұрыс сөздер құрайық. «Кім жылдам» деген ойынын ойнаймыз.
— Ал енді тест тапсырмаларын орындайық. Суретке қарап, атын жазып, буынға бөліп, түрін айыру. Тестті тексеріп, асықтар беру.
— Ал, енді балалар кім қанша асық жинады, санаңдар.
— Кім жинаса, сол өте жақсы істеді.
Үй тапсырмасы: 71-бет, жаңа сөздер. Мына сөздерді буынға бөліп, 2-сөйлем құрау, сыпыртқы, шелек.
Қорытындылау: Балалар, сендерге көп рахмет, жақсы жұмыс істетіңдер.
Тұрыңдар, сабақ аяқталды.
Сау болыңдар.
- 11960 просмотров