Сабақтың тақырыбы: Қандай? Неше?
Кульжанова Асемгуль Кантаевна преподаватель казахского языка в ДОУ, Павлодарская область, г. Экибастуз, ясли-сад № 7 «Ботақан» |
Қазақ тілінде сөйлеу қабілеттерін дамыту.
Мақсаты: Түстерді және онға дейін сандарды қайталау. Оларды басқа сөздермен байланыстырып қолдану дағдыларын қалыптастыру. Оларды іс-қимыл арқылы есте сақтауға дағдыландыру.
Көрнекі-құралдар: Жұмыс дәптерлер, сандар, акварюмдегі балықтар, жемістер-көкөністер, түрлі-түсті доптар, шарлар және текшелер.
Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, көрсету, ойындар, басқа пәндермен байланыс: сурет, денешынықтыру, қоршаған орта.
Мотивациялық қозғаушылық
Шаттық шеңбері:
Оң қолымда бес саусақ
Сол қолымда бес саусақ
Беске бесті қосқанда
Болады екен он саусақ
Балалар: Қолдарын көтереді, алақандарын соғады, күлімдейді орындарына отырады.
Мұғалім: Балалар, барлық өмірде кездесетін нәрселердің өз түстері мен сандары болады, олардың біріне — бірі ұқсамайтын айырмашылықтары да болады. Бүгін біз сабағымызда өткен «Қандай? Неше?» тақырыбын бекітеміз, сұрақтарына жауап табамыз. Ал сабақты бастамас бұрын, күнделіктегідей айнаға қарап тілімізге дыбыстық жаттығулар жасаймыз.
Ә-ә-ә әже, әке, әшекей
Ғ-ғ-ғ ғажайып, ғарышкер, ғаламтор
Қ-қ-қ қарындас, қарлығаш, қалам
Ө-ө-ө өзен, өлең, өзгеріс
Ұ-ұ-ұ ұзын, ұзақ
Енді тіліміз дайын болды, сабағымызды бастаймыз.
Ұйымдастырушылық ізденістік
Мұғалім: Д/о «Балық аулау»
Балалар: балық аулап, аулаған балығын санап, олардың түстерін ажыратады.
Сергіту сәті
Орнымыздан тұрамыз,
Қос бүйірді соғамыз.
Оңға, солға бұрылып,
Бір айналып шығамыз.
Бір, екі, үш, төрт, бес
Қолды қолға ұрамыз.
Балалар: (қимылмен көрсетеді)
Дәптермен жұмыс (сандарды жеміс пен көкөністердің суреттері бойынша сәйкестендіреді)
Мұғалім: Д/о «Ханталапай»
Балалар: Асықтарды санайды.
Рефлексиялық түзетушілік
Сұрақтар: Кабинетте неше терезе? Неше есік?
Мұғалім: Ал енді қоштасайық.
Балалар: Сау болыңыз!
- 7216 просмотров