VI международный творческий конкурс «Пусть всегда будет солнце!» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана, стран ближнего и дальнего зарубежья

Сабақтың тақырыбы: Қандай? Неше?

Шестой международный творческий конкурс «Вот оно какое, наше лето!» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана и стран ближнего и дальнего зарубежьяя

 

 

 

Кульжанова Асемгуль Кантаевна преподаватель казахского языка в ДОУ, Павлодарская область, г. Экибастуз, ясли-сад № 7 «Ботақан»

Сабақтың тақырыбы: Қандай? Неше?

Қазақ тілінде сөйлеу қабілеттерін дамыту.

Мақсаты: Түстерді және онға дейін сандарды қайталау. Оларды басқа сөздермен байланыстырып қолдану дағдыларын қалыптастыру. Оларды іс-қимыл арқылы есте сақтауға дағдыландыру.

Көрнекі-құралдар: Жұмыс дәптерлер, сандар, акварюмдегі балықтар, жемістер-көкөністер, түрлі-түсті доптар, шарлар және текшелер.

Әдіс-тәсілдер: түсіндіру, көрсету, ойындар, басқа пәндермен байланыс: сурет, денешынықтыру, қоршаған орта.

Мотивациялық қозғаушылық

Шаттық шеңбері:
Оң қолымда бес саусақ
Сол қолымда бес саусақ
Беске бесті қосқанда
Болады екен он саусақ

Балалар: Қолдарын көтереді, алақандарын соғады, күлімдейді орындарына отырады.

Мұғалім: Балалар, барлық өмірде кездесетін нәрселердің өз түстері мен сандары болады, олардың біріне — бірі ұқсамайтын айырмашылықтары да болады. Бүгін біз сабағымызда өткен «Қандай? Неше?» тақырыбын бекітеміз, сұрақтарына жауап табамыз. Ал сабақты бастамас бұрын, күнделіктегідей айнаға қарап тілімізге дыбыстық жаттығулар жасаймыз.

Ә-ә-ә әже, әке, әшекей
Ғ-ғ-ғ ғажайып, ғарышкер, ғаламтор
Қ-қ-қ қарындас, қарлығаш, қалам
Ө-ө-ө өзен, өлең, өзгеріс
Ұ-ұ-ұ ұзын, ұзақ

Енді тіліміз дайын болды, сабағымызды бастаймыз.

Ұйымдастырушылық ізденістік

Мұғалім: Д/о «Балық аулау»

Балалар: балық аулап, аулаған балығын санап, олардың түстерін ажыратады.

Сергіту сәті
Орнымыздан тұрамыз,
Қос бүйірді соғамыз.
Оңға, солға бұрылып,
Бір айналып шығамыз.
Бір, екі, үш, төрт, бес
Қолды қолға ұрамыз.

Балалар: (қимылмен көрсетеді)

Дәптермен жұмыс (сандарды жеміс пен көкөністердің суреттері бойынша сәйкестендіреді)

Мұғалім: Д/о «Ханталапай»

Балалар: Асықтарды санайды.

Рефлексиялық түзетушілік

Сұрақтар: Кабинетте неше терезе? Неше есік?

Мұғалім: Ал енді қоштасайық.

Балалар: Сау болыңыз!