9 Республиканский творческий конкурс «Моя Родина — Казахстан» для детей, педагогов и воспитателей Республики Казахстан

 

Сабақтың тақырыбы: Машина тігістерін орындауға дайындық

Восьмой международный творческий конкурс «Золотая осень» для детей, педагогов и воспитателей

 

 

 

Оспанова Клара Балгамбаевна, учитель технологии, средняя школа № 44, Жамбылская область, Меркенский район, Плодоягодный совхоз

Оспанова Клара Балгамбаевна

Сабақтың мақсаты: Тұрмыстық тігін машинасымен жұмыс жасауды үйрету.

Міндеттері: Тігін машинасында дұрыс отыру ережесін сақтап, тігісті ақ қағазға сапалы орындауға үйрету.

Сабақтың түрі: Ойын сабақ, сарамандық жұмыс.

Сабақтың әдісі: Қайталау, ойнау, баяндау.

Көрнектілігі: Тігін машиналар, қайшы, жіп, ақ қағаз, күн сәулелері, крзінке, гүлдер.

Сабақтың жоспары:

1. Ұйымдастыру кезеңі
2. Өткен сабақты қайталау
3. Сарамандық жұмыс
4. Қорытындылау
5. Бағалау
6. Жұмыс орнын жинастыру
7. Үйге тапсырма

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі

— Сәлемдесу.

— Сабаққа дайындығын тексеру.

— Сабақта жоқ оқушыны белгілеу.

— Еңбек туралы мақал-мәтел айту.

2. Үй тапсырмасын қайталауға арналған сұрақтар:

Екі топқа бөліп, кәрзеңкедегі гулді алып, әр топ сұраққа жауап береді.

— Ең алғашқы рет тігін машинасының жобасын ұсынған кім?

— Тігін машиналарынын түрлерін ата.

— Тігін машинасы не үшін қажет?

— Инешаншым — дегеніміз не?

— Тігін дегеніміз не?

— Тігіс дегеніміз не?

— Машина тігістерінің атауы?

— Тігін машинасымен жұмыс орындау кезіңде қаңдай техникалық кауіпсіздік ережелерді сақтау керек?

3. Сарамандық жұмыс

Тігін бұйымдарын дайындауда түрлі машина тігістері қолданылады. Олар қолданылуы бойынша біріктіруші, шеттік және өңдеуші болып бөлінеді. Тігіс — бұл екі немесе көп бөлшектің тігіспен біріккен орны. Тігіс түрі мата түріне және бұйымның қолданылуына байланысты таңдалады.

Тігін машинасында екі топ жарыса отырып түзу тігісті ақ қағазға орындаймыз. Тігіс адымының ұзындығын (2 мм, 3 мм, 4мм) өзгерте отырып, тігістерді орында.

4. Қорытындалау

Тақтаға күн сәулесіз ілінеді. Оның беті жабылып турады. Оқушаларға күн сәулелері таратылады. Әр бір сәулеге оқушылар алған әсерлерін жазып,іледі. Күннің беті жарқырап ашылады.

5. Бағалау

6. Жұмыс орнын жинастыру

7. Уйге тапсырма

Ийрек тігім жасауға мата.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1. Еременко Т. И. Рукоделие. М., 1992.
2. Чижиков Л. П. Кружок конструирования и моделирования одежды. М.: 1990.
3. Республиканский журнал «Технология в школе». Выпуск № 2. 2010 год.

Категория: