9 Республиканский творческий конкурс «Моя Родина — Казахстан» для детей, педагогов и воспитателей Республики Казахстан

 

Сабақтың тақырыбы: Өткенді қайталау. У әрпінің жазылуы

Восьмой международный творческий конкурс «Золотая осень» для детей, педагогов и воспитателей

 

 

 

Жанбулатова Куаныш Айдарбековна, бастауыш сынып мұғалімі, бірінші категория, № 1 арнайы (түзету) мектеп-интернаты, Петропавл қаласы, СКО

Сабақтың тақырыбы: Өткенді қайталау. У әрпінің жазылуы

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік — өткен дыбысты және әрпті қайталау, У әрпі қандай сөздерде кездесетінін, қай кезде дауысты, қай кезде дауыссыз болатынын пысықтау, сөздердің ішінен дұрыс тауып алуды үйрету.

Дамытушылық — оқу мен жазу арқылы ойлау қабілеттерін дамыту, оқушылардың тіл белсенділігін, сөйлеу, жазу мәдениетін және логикалық ойлау дағдысын дамыту.

Тәрбиелік — сабақта әдепті отыруға, ұйымшылдыққа, шыдамды, қайсарлы болуға, оқу құралдарын күтіп ұстауға, Отанын сүюге тәрбиелеу.

Сабақтың типі: Қайталау сабағы.

Сабақтың түрі: Аралас сабақ. Саяхат.

Сабақтың әдісі: Әңгіме, сұрақ-жауап, суреттер.

Сабақтың көрнекілігі: Түрлі-түсті борлар, сюжетті суреттер, құралдар, Қазақстанның картасы.

Сабақтың барысы

1. Ұйымдастыру кезеңі

Психологиялық дайындық.
Мақсатымыз-білім алу
Міңдетіміз-еңбектену
Еңбек етіп жұмыла
«5»-ке қолды жеткізу.

2. Өткен сабақты пысықтау

— Өткен қазақ тілі сабағында біз қандай әріппен таңыстық? (У)

— Қай кезде У дыбысы дауыссыз болады? (әуе, ауа — сөздің ортасында тұрса)

— Ал қай кезде У дауысты дыбыс болады? (дауыссыздан кейін тұрса: жазу, сусын, ту)

3. Жаңа сабақ. Саяхат. Ойын

— Балалар, біз бүгін сабағымызда Қазақстанның бірнеше қалаларына саяхат жасаймыз. Саяхатты өзіміздің көршілес қаламыздан бастаймыз, ол — Көкшетау қаласы. Бұл қалаға жету үшін мынадай тапсырманы орындауымыз керек.

А — «Шапалақ» ойыны. Сөздер айтылады, солардың ішінде У дыбысы естілсе бір рет қол соғамыз. Мысалы, қол, ту, есеп, тау.

— Сонымен біз Көкшетау қаласына келдік. (әр қаланы картаға жапсыру)

Ә — Қызыл-көк көрнекіліктермен жұмыс. (сигналдық карточкалар)

— Біз Бурабай туристік жеріне жетуіміз керек. Ол үшін тапсырма: У дыбысы дауысты ма, дауыссыз ба аңықтау. Дауысты болса қызыл, ал дауыссыз болса көк карточканы көтереміз. Мысалы: ауа, су, тау, әуе, ту, жазу.

— Сонымен біз Бурабайға да жеттік.

Б — «Орамал тастау». Бір-біріне орамал тастап, У дыбысы бар сөздерді айту.

— Ал енді біз Рудный қаласына жеттік.

В — «Сандықтарға дұрыс сал». Бір-бірден шығып әр сандыққа сөздерді салады. Мысалы: уақыт, ушықты, Республика, оқушы, суретші, ту, шашу, тау, оқу.

— Сонымен біз мұнай астанасы — Атырау қаласына келдік.

Сергіту сәті

Жаңбыр, жаңбыр себелеп,
Тырс-тырс етіп төбеме
Күркіре күн тарсылда
Найзағайым жарқылда.
Көк шалғынды аралап
Тәтті жидек теремін,
Жуып берсең жидекті
Өлең айтып беремін.

Г — Келесі жететін қаламыз Ақтау.

Тақтада үш сурет «аққу», «сиыр», «бұрщақ».

— Осы сөздердің бірінші және екінші сөздің екі әріпін, ал үщінші сөздің бірінші үш әріпін алсақ бір жаңа сөз шығады. (Қуыршақ)

4. Дәптермен жұмыс

Сөздік диктант. Тақтаға бір-бірден шығып сөздерді жазады. Мысалы: ту, ауа, тау, әуе, шашу. Ту сөзімен сөйлем құрау. (бір бала тақтада жазады, қалғандары дәптерде). Біздің Қазақстанның туы көк. Менің елімде таулар бар. Менің Отаным — Қазақстан Республикасы.

Сергіту сәті
Тербеледі ағаштар,
Алдымнан жел еседі.
Кіп-кішкентай ағаштар,
Біп-биік боп өседі.

5. Оқулықпен жұмыс

27 бет, 71 жаттығу(1,5).
Ал енді үйге — Петропавл қаласына қайтайык.

6. Қорытынды

— Бүгін сабақта не істедік? (саяхат)

— Қандай қалаларға? (Көкшетау, Бурабай, Атырау, Рудный, Ақтау)

— Қандай әріпті қайталадық? (У)

7. Бағалау

Категория: