9 Республиканский творческий конкурс «Моя Родина — Казахстан» для детей, педагогов и воспитателей Республики Казахстан

 

Сабақтың тақырыбы: «Тіл мәдениеті»

Международный творческий конкурс «Новогоднее настроение — 2025» для детей, педагогов и воспитателей Казахстана, стран ближнего и дальнего зарубежья

 

 

Петропавл қаласы КММ «№ 13 орта мектеп» Қазақ тілі мұғалімі: Рақышева Рымбала Асқарқызы ІІ категория

Рақышева Рымбала Асқарқызы

Сынып: 7 сынып

Пәні: қазақ тілі

Сабақтың мақсаты: Тіл мәдениеті туралы әдеби тілдің нормасы мен оның дамуы мен ауызекі сөйлеу арқылы қарым-қатынастарын нығайта отырып, оқушыларды ауызекі тілде сұхбаттасу арқылы таза сөйлеуге, ойлауға, жазуға дағдыландыру. Өз Отаннын, жерін қадірлеп, өз елінің мәдениетті азаматы болуға баулу.

Сабақтың түрі:

1) Дамытушылық сабақ.

Сабақтың әдіс-тәсілдері:

Сын тұрғысынан ойлауын дамыту технологиясы.

1. Топтау стратегиясы.
2. Деңгейлік тапсырмалар
4. РАФТ стратегиясы.

Сабақтың көрнекілігі: «Қазақстанның болашағы — қазақ тілінде!». Н.Назарбаев

Интер белсенді тақта, ақын жазушыларымыздың қанатты сөздер.

Ана тілінен айырылған адам өз халқы жасаған мәдени мұраның бәрінен құралақан қалады. Ғ.Мүсірепов

Ана тілін білмейтін адам — бір қолы жоқ шолақ адам сияқты. Ғ.Мұстафин

Сабақ жоспары:

1) Психологиялық дайындық.
2) Үй тапсырмасын тексеру.
3) Жаңа сабақ.

Сабақтың барысы:

1) Ұйымдастыру кезеңі.
Оқушылар назарын сабаққа аудару.
2) Үй тапсырмасын сұрау.
Туған тілім — тірлігімнің айғағы,
Тілім барда айтылар сыр ойдағы,
Өссе тілім, менде бірге өсемін,
Өшсе тілім, менде бірге өшемін!

3. Жаңа сабаққа көшу.

Сабақтың тақырыбы: «Тіл мәдениеті»

І. Қызығушылығын ояту

Мұғалімнің сөзі: Тіл — қастерлі де, қасиетті ұғым. Ол әрбір адамға ана сүтімен бірге еніп, қалыптасады. Ана тілін сүйген адам — туған жерін, елін, Отанын, атамекенін сүйеді деген сөз бар. Ал, бұлардың бәрі — адам баласы үшін ең қасиетті ұғымдар. Сондықтан біз мәдениетті ойланып, сөйлеп үйренуіміз керек.

ІІ. Мағынаны тану

«Тіл мәдениеті» мәтінін оқып оқушылардың пікірін алмастыру

Сөздікпен жұмыс.
Күлдіру — смешить
Күйдіру — огорчать
Сүйсіндіру — влюблять
Сүріндіру — спотыкаться
Бүлдіру — испортить
Жұбату — утешать

ІІІ. Ой толғаныс. Тілші ойыны арқылы

Сабақтың тақырыбы: «Тіл мәдениеті»

Сұрақтарға жауап беру: Мәтін бойынша тіл мәдениетіне қатысты өз ойларын сұрақ бойынша толықтыру.

  • Тілді қадірлеу неден басталады?
    Тілді қадірлеу дұрыс сөйлеуден басталады
  • Адам мәдениетінің алғышарты не болып табылады?
    Адам мәдениетінің алғышарты — дұрыс сөйлей білу болып табылады
  • Тілін білмеген нені білмейді?
    Тілін білмеген — түбін білмейді.
  • Қазақта дұрыс сөйлей білу мәдениеті деп нені атаған?
    «Аталы сөз — баталы сөз» деген екен.
  • «Тілін білмеген — түбін білмейді» дегенді қалай түсінесіңдер?

Сөз мәдениетін дұрыс сөйлей, ойлай алмайтын адамды айтады.
Қазақта ойланып барып сөйле деген нақыл сөзде бар.

Топпен жұмыс:

І топ: Кітап бойынша мәтіндегі тұйық етістіктерді теріп жазып септу
ІІ топ: Берілген сөйлемді толықтырып жазу
ІІІ топ: Тұрақты тіркестерді сөздіктен құрап, мағынасын ашу.
Тұрақты тіркестерді қолданып, сөйлемдер құрау

Тілге келмеу — қарсыласып, ұрысып сөйлемеу
Тілді байлау — сөз бермеген адамды айтады
тілі қышыды — айтқысы келген адамды айтады
тілсіз қалу — сөйлемей қалған адам

Сабақтың тақырыбы: «Тіл мәдениеті»

ІV. Өзіндік жұмыс

Әр оқушы топта РАФТ құрастыру.

Рөлім – оқушы

Аудитория – сынып

Формасы – мәдениетті сөйлеу

Тақырып – Тіл мәдениеті

Мен мәдениетті сөйлеймін.

Менің мәдениетті сөйлейтінімді бәрі біледі.

Мен қызықты кітап оқимын.

Менің көркем тілмен сөйлейтінімді біледі.

Сабақты қорытындылау.

Бүгінгі сабағымызда нені үйрендік? Сабақ ұнады ма?

Үйге тапсырма: Деңгейлік тапсырмаларды орындау. Бағалау.

Қолданылған әдеби кітап:

Қазақ тілі 7 сынып Автор: Т.Артыкова, Г.Ермекбаева Алматы «Атамұра» 2012

Категория: