Сабақтың тақырыбы: Тоқылдақ пен бұлбұл
Солтүстік Қазақстан облысы Ғ. Мүсірепов ауданы Сарыбұлақ ауылы Акентаева Майра Сапарқызы Сарыбұлақ орта мектебінің бастауыш сынып мұғалімі, жоғары санаты |
Әдебиеттік оқу 4 сынып
Әдебиеттік оқу пәні бойынша сабақ жоспары
Тақырыбы: Тоқылдақ пен бұлбұл. 4-сынып
Мақсаты: Мысалмен таныстырып, мазмұнын ашу. Өз ойларын ортаға салуға, кейіпкерлерге мінездеме беруге жетелеу, рөлге бөліп оқу дағ-дыларын дамыту. Өзгенің еңбегін бағалай білмеуден және мақтаншақтықтан аулақ болуға тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: аралас сабақ.
Пән аралық байланыс: математика, ана тілі.
Көрнекілік: сандар, әріптер, суреттер, үлестірмелер, сызбалар, үнтаспа т.б.
Сабақтың барысы:
1. Ұйымдастыру
2. Психологиялық кезең
3. Үй тапсырмасын тексеру:
a. «Азамат болған алғашкы күн» мәтінінің мазмұнын әңгімелету.
b. Үлестірмемен жұмыс,
c. Өткен сабақтарға байланысты бір-біріне сұрақтар қою
Ойын: «Сандар сырын ашайық».
Мақсаты: Есте сақтау қабілеттерін дамыта отырып, тіл байлығын арттыру; Әр пәннен алған ұғымдарын көрсете білуге тәрбиелеу. (Текшелердің ар-тында сабақтың тақырыбы жасырылады, ал бетінде сандар жазылады. Оқу-шылар сандарға қатысты нақыл сөздер, математика сабағынан алған ұғым-дарымен байланыстыра жауап бере алады.)
Мысалы:
«7» — Жеті атасын білген ұл жеті жұрттың қамын жер.
«1» — Кез келген санның сол санға бөліндісі 1-ге тең.
«3» — Үш арсыз : ұйқы, күлкі, тамақ.
«1000» — Батыр бір өледі, корқақ 1000 өледі.
«З66» — Бір жылда 366 күн бар.
«22» — 22 — наурыз — мұсылмандардың жаңа жылы.
«10» — 1 сантиметрде 10мм бар.
«5» — Ер қаруы бес қару. (т. с. с.)
4. Өз ойларын сызбаға түсіру
(Тоқылдақ пен бұлбұл жайлы ойларын сызбаға түсіреді.)
5. Жазғы орманға саяхат
Мақсаты: «Оқушылардың қиялын дамыту». (үнтаспаны қолдану)
6. Мысалды көрнекілік арқылы инсцинировкалай отырып, мәнерлеп оқу
7. Сергіту сәті
8.Оқулықпен жұмыс:
- іштей оқу
- түртіп алу жүйесі бойынша жұмыс
- рөлге бөліп оқу
5. Мысалдың мазмұнын ашу. Венн сызбасымен жұмыс
(Сұрақ-жауап әдісі арқылы кейіпкерлерге мінездеме беру.)
6. Тәрбиелік мәнін ашу
7. Сабақты бекіту:
Мысалға байланысты мақал-мәтелдер айтқызу.
Ойын: «Сөз ойла, тез ойла»
«Тоқылдақ» сөзінен бірнеше сөздер құрастыру. (мысалы: тоқ, дақ, ақ, оқ, тоқы, қол, тоқы, лақ т.б.)
8. Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды мадақтау және бағалау
9. Үйге тапсырма: Тоқылдақ пен бұлбұл жайлы мәтін құрау, немесе суреттерін салу және жұмбақ жинастыру, мысалды мәнерлеп оқу.
- 10923 просмотра