Сабақтың тақырыбы: «Ұлттық тағамдар. Сөйлем мүшелері»
Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов атындағы ауданы Тахтаброд орта мектебі қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі Мустафина Гульнар Карбасовна |
Сабақтың мақсаты:
- оқушыларға қазақ халқының ұлттық тағамдары туралы мәліметтер бере отырып, өз бетінше жұмыс істеу қабілеттерін арттыру, шығармашылықпен ізденуге, өтіліп жатқан тақырыптың ішіндегі ең негізіне, маңызды мәселелерге көңіл бөлу;
- оқушылардың ой қабілетін шыңдау, өзіндік ойлау, қазақ тілінде жатық сөйлей білуге баулу, өз пікірі, эстетикалық талғамы бар сауатты оқушы даярлау, жеке тұлға қалыптастыру; сөйлем мүшелері туралы алған білімдерін пысықтау;
- оқушыларды іздемпаздыққа, ұйымшылдыққа, өзін-өзі басқаруға, бағалай білуге, бір — бірінің пікірін тыңдауға, қазақ халқының салты — қонақ күту рәсімі туралы ұғым беріп, «қонақжайлық», «меймандостық» деген сөздердің мағынасын терең сезіндіріп, оларды мейрімділікке, кішіпейілділікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа сабақты игеру
Типі: аралас сабақ
Әдісі: «миға шабуыл», диалогтік тәсіл, АКТ, аналогия, суреттеу, мысалдар, түсіндіру, көрсету әдістері, топтық жұмыс, өзіндік жұмыс, деңгейлік тапсырмалар, ойын, шығармашылық жұмыс.
Көрнекілігі: Интерактивті тақта, слайдттар, рефлексия парағы, ватмандар, фломастерлер, қима қағаздар, доп.
Ұжымдастыру формасы: топтық жұмыс
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру: сыныппен сәлемдесу. Сыныптағы оқушылардың дайындығын тексеру
— Сыныпта кім кезекші?
— Сыныпта кім жоқ?
— Бүгін нешесі?
— Бүгін қай күн?
— Бүгін ауа-райы қандай?
— Ертең қандай болады деп ойлайсыңдар?
Оқушылардың зейінің сабаққа аудару. Қазір қандай сабақ екенін есімізге түсіріп жіберейік.
Қазақ тілім- өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл — қызың мәңгі сені,
Болашағым, бақытым, дара тілім!
ІІ.Үй жұмысын тексеру: ауызша сұрау
ІІІ. Өткенді қайталау: «Қалт етпей қағып ал, жауабын тауып ал!».
Оқышыларға кезекпен доп лақтыра отырып, сұрақтар қоямын. Допты ұстап алған оқушы дереу жауап беруге тиіс.
— Сөйлем мүшелерін ата.
— Баяндауыш деген не?
— Бастауыш қандай сұрақтарға жауап береді?
— Баяндауыш қандай сұрақтарға жауап береді?
— «Мен ұлттық тағамдарды білемін» сөйлемнің тұрлаулы мүшелерін көрсет.
ІV. Тақырыпқа шолу:
Эпиграф «Ас-адамның арқауы» (интерактивті тақтада проекцияланады)
— Сөйлемді оқыңдар
— Бұл қандай сөйлем деп ойлайсыңдар?
— Не үшін осы мақалды алып отырмын деп ойлайсыңдар?
— Бүгінгі сабақтың тақырыбы қандай деп ойлайсыңдар?
— Тақырыбы «Ұлттық тағамдар»
V. Топқа бөлу, топтарға атау
1) Топтастыруды мақал — мәтелдерді құрастыру арқылы жүргіземін.
І топ: «Ертеңгі асты тастама, кешкі асқа қарама»
ІІ топ: «Ас тасыса, қатығы төгілер. Ашу тасыса, ақылы төгілер»
ІІІ топ: «Нан — тамақтың атасы. Ынтымақ — көптің батасы»
2) Топқа ат қоюды балалардың өздеріне ұсынамын және оның себебін түсіндіруді тапсырамын.
VI. Түсіну. (Жаңа материалды игеру)
1-слайд: Тапсырма сұрақтары
— Суреттерді қарап шық
— Суреттерде нелер бейнеленген?
— Бұл ненің үлгісі деп ойлайсың?
2-слайд: дастарқан басында бесбармақ жеп отырған адамдар бейнеленген сурет.
3-13-слайд: атаулары жазылған ұлттық тағамдар суреттері.
Қазы, қарта, май, сүт, шұжық, бауырсақ, қуырдақ, қымыз, шұбат, құрт, шелпек, ірімшік, қаймақ, айран, таба нан т. б.
14-салйд: талдау-жинақтау сұрақтары:
— Осы суреттерде белгіленген заттар не үшін керек? Себебі.
— Суреттер бір — бірімен байланысты ма? Себебі.
— Суреттердің арасында қандай айырмашылық көрдіңдер? Себебі.
— Суреттерді қандай топтарға бөлуге болады. Себебі.
— Топтарға атау бер. Себебі.
— 1-сурет қашан түсірілген деп ойлайсыңдар? Себебі.
— Сен осындай көріністі өмірде көрдің бе?
— Қандай жағдайларда байқауға болады?
— Осы суретпен қалған суреттер қалай байланысты деп ойлайсың? Себебі
— Қандай қорытынды жасар едің?
VII. Мәтінмен жұмыс:
1. Сөздік:
1-топ: оқулықта берілген жаңа сөздермен таныс. Оларға фонетикалық талдау жаса (топ мүшелері бір — екі сөздер бөліп алады)
2-топ: оқулықта берілген жаңа сөздермен таныс. Ондағы берілген сөздердің қандай сөйлем мүшесіне жататынын анықта.
3-топ. Оқулықта берілген жаңа сөздермен таныс. Осы сөздерді қатыстырып сөзтіркестері мен сөйлемдер құрастырыңдар.
2. Мәтін:
1-топ: Мәтінді оқып шығыңдар. Бірінші абзацты аударыңдар. Сөйлем түрін анықтаңдар (жалаң не жайылма сөйлем). Бөлімге ат қойындар. Сұрақтар дайындандар.
2-топ: Мәтінді оқып шығыңдар. Екінші абзацты оқыңдар. Сөйлем түрін анықтаңдар (жалаң не жайылма сөйлем). Бөлімге ат қойындар. Сұрақтар дайындандар.
3-топ: Мәтінді оқып шығыңдар. Екінші абзацты оқыңдар. Сөйлем түрін анықтаңдар (жалаң не жайылма сөйлем). Бөлімге ат қойындар. Сұрақтар дайындандар.
VIII. Қолдану:
«Мозаика» әдісі. Қонақ шақыру
1-топ: қонаққа шақыруды ұйымдастыру.
2-топ: Дастарқан мәзірін дайындау.
3-топ: өту барысы және шығарып салу.
IX. Талдау — жинақтау. Талантты және дарынды баламен жұмыс:
1-Мәтін бойынша талдау кестесін құр.
2-бала. Эссе жазу.
3-бала. «Қазақ дастарқаны» моделін жаса.
X. Қорытынды
— Біз бүгін не туралы айттық?
— Осы тағамдарды кім және қандай жағдайларда әзірлейді?
— Осы тағамдарды неліктен ұлттық тағамдар деп айтамыз?
— Сабақта алған ақпараттар негізінде қандай қорытынды жасар едің?
— Егер сенің мейрамханан болса, сен не істер едің?
XI. Балалардың түсіну дәрежесін анықтау парағы:
№ |
Мен нені білемін? |
өте жақсы |
жақсы |
орташа |
нашар |
1 |
Мен ұлттық тағамдар туралы айта аламын |
|
|
|
|
2 |
Ұлттық тағамдардың түрлерін білемін |
|
|
|
|
3 |
Мен өзімнің сүйікті тағамым туралы айта аламын |
|
|
|
|
4 |
Мен сөйлем мүшелерін білемін |
|
|
|
|
5 |
Мен сөйлемге синтаксистік талдау жасай аламын |
|
|
|
|
ХІІ. Рефлексия:
Тақтада ашық және жабық есікті үйлер салынған суреттер ілінеді. Балалар сабақтан алған әсерлері жазылған стикерлерді сол үйлердің тұсына жабыстырады. Ашық есік — түсіндім, қызықты болды. Жабық есік — түсінген жоқпын. Ұнамады.
ХІІІ. Үйге тапсырма:
— ІІІ деңгей: жаңа сөздерді жатта. Мәтіннің мазмұнын айт.
— ІІ деігей: мәтіннің мазмұнын айт. Тақырыпқа байланысты 3 мақал — мәтелдер жатта.
— І деңгей: «Қазақтың ұлттық тағамдары» тақырыбына эссе жаз.
ХІV. Бағалау:
Бағалау парақшасы:
№ |
Жұмыс түрі |
Жалпы ұпай |
Оқушы берген ұпай |
Мұғалім берген ұпай |
1 |
Өткенді қайталау |
2 |
|
|
2 |
Топқа бөліну |
2 |
|
|
3 |
Түсіну кезеңі |
5 |
|
|
4 |
Сөздік жұмысы |
3 |
|
|
5 |
Мәтінмен жұмыс |
5 |
|
|
6 |
Дарынды бала жұмысы |
6 |
|
|
7 |
«Мозаика» |
5 |
|
|
8 |
Қорытынды кезеңі |
3 |
|
|
|
Жалпы ұпай саны |
31 |
|
|
|
Баға |
|
|
|
Бағалау шкаласы:
«5» — 31-25 ұпай
«4» — 24-19 ұпай
«3» — 18-9 ұпай
«2» — 8 −0 ұпай
- 11986 просмотров