Сабақтың мақсаты: оқушыларға қазақ халқының ұлттық тағамдары туралы мәліметтер бере отырып, өз бетінше жұмыс істеу қабілеттерін арттыру, шығармашылықпен ізденуге, өтіліп жатқан тақырыптың ішіндегі ең негізіне, маңызды мәселелерге көңіл бөлу; оқушылардың ой қабілетін шыңдау, өзіндік ойлау, қазақ тілінде жатық сөйлей білуге баулу, өз пікірі, эстетикалық талғамы бар сауатты оқушы даярлау, жеке тұлға қалыптастыру; сөйлем мүшелері туралы алған білімдерін пысықтау; оқушыларды іздемпаздыққа, ұйымшылдыққа, өзін-өзі басқаруға, бағалай білуге, бір — бірінің пікірін тыңдауға, қазақ халқының салты — қонақ күту рәсімі туралы ұғым беріп, «қонақжайлық», «меймандостық» деген сөздердің мағынасын терең сезіндіріп, оларды мейрімділікке, кішіпейілділікке тәрбиелеу.