Сабақтың тақырыбы: Ыдыстар
Кульжанова Асемгуль Кантаевна преподаватель казахского языка в ДОУ, Павлодарская область, г. Экибастуз, ясли-сад № 7 «Ботақан» |
Мақсаты: сөздік қорларын кеңейту, сөздерді байланыстырып сөйлеу, зейін қойып тыңдау дағдыларын қалыптастыру.
Көрнекіліктер: ойыншық ыдыстар, суреттер, дидактикалық кеспелер.
Сөздік жұмыс: шәйнек, шанышқы, қасық, шелек.
Блингвальді компанент: шанышқы — вилка, шәйнек — чайник, қасық — ложка, шелек — ведро.
Әдіс — тәсілдер: көрсету, суретті әңгімелету, сұрақ — жауап, түсіндіру.
Мотивациялық қозғаушылық
Шаттық шеңбері:
Кел балалар, күлейік,
Күлкіменен түлейік!
Күлкі көңіл ашады,
Күліп өмір сүрейік.
Мұғалім: Менің қолымда доп. Доп арқылы сұрақтарға жауап беріңдерші. Қазір жылдың қай мезгілі? Қандай қыс айларын білесіңдер? Бір аптада неше күн бар? Қай күндері демаласыңдар?
Балалар: Балалардың жауаптары.
Ұйымдастыру ізденушілік
Мұғалім: Д/о «Сиқырлы дорба»
Мұғалім: Дорбадағы ыдыстарды алу үшін, тіл жаттықтыратын сөз тіркестерін айтқызу.
Алақай, алақай!
Қуанып қалайық.
Сиқырлап дорбаны.
Қызыққа қанайық
Балалар: Дорбадан таныс ыдыстарды алып, олардың аттарын атайды.
Мұғалім: Мынау — шелек. Кәне енді шелектің орысшасын айтайықшы Шелек — ведро
— Мынау не?
— Мынау қасық Қасық — ложка
— Мынау — шәйнек Шәйнек — чайник
— Мынау — шанышқы Шанышқы — вилка
Осы сөздерді жай, орташа, көтеріңкі дауыспен қайталайды.
Сөздік жұмысы: Ыдыстар
Сергіту сәті
Қуыр, қуыр қуырмаш
Балапанға бидай шаш
Апаң келсе есік аш
Қасқыр келсе мықтап бас.
Балалар: (қимылмен көрсетеді)
Мұғалім: Д/о «Қайтала, көрсет» (балалар айтқан сөзді қайталайды, суреттерді көрсетеді)
Дәптермен жұмыс (ыдыстардың суреттін салады)
Мұғалім: Д/о «Сақ бол!»
Рефлексиялық түзетушілік
Сұрақтар:
Қандай ыдыстарды білесің?
Мынау қандай қасық? (қасықтың үлкен кішкентай екенін ажыратады)
Мұғалім: Осымен сабағымыз аяқталды сау болыңдар
Балалар: Сау болыңыз!
- 16579 просмотров