Сапалы білім — жарқын болашақтың кепілі
А. Б. Мұқашева, п.ғ.д., әл-Фараби атындағы ҚазҰУ доценті, |
Білімсіздің күні қараңғы демекші, қазіргі заманның талабына сай, өз маманының иесі және нарықта үнемі сұраныста болу үшін, ең алдымен білім қажет. «Қазір бой жарыстыратын заман емес, ой жарыстыратын заман» — деп, Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев ақыл-ойдың маңыздылығын ескере отырып, елімізде білім беру саласының жоғары болу қажеттігін атап өтті. Неғұрлым алып жатқан біліміміз терең, әрі сапалы болса, соғұрлым еліміздің алға басуы, бәсекелестікке лайықты болуы, жетістіктерге жетуі жоғары болады. Сондықтан, қазіргі таңда білім беретін жоғарғы оқу орындарын дұрыс таңдау, біз үшін жарқын болашақтың кепілі.
Сапалы біліммен сусындыратын, еліміздің озық жоғарғы оқу орындарының бірі — Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті деп атап өтсем болады. Университетте: 16 факультет, 82 мамандық бар. Сонымен қатар, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті, Қазақстан Республикасының жоғары оқу орындары арасында жоғары білікті ғылыми кадрлар — магистратура және PhD докторлар даярлауда мойындалған көшбасшы болып, 76 магистратура мамандықтарын және 65 доктарантура мамандықтарын даярлап жатыр.
2019 жылы Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті Орталық Азия жоғарғы оқу орындарынан жалғыз болып «QS World University Rankings» халықаралық рейтингісінде топ-210 деген ең үздік университеттер қатарына еніп, 207-ші орынды бағындырды.
Ал, 2020 жылы университет, елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев тапсырған және Қазақстан Республикасының білім және ғылым саласын дамытудың мемлекеттік бағдарламасына енгізілген әлемнің ең үздік 200 жоғары оқу орындарының қатарына кірді. Қазақстандық университет «QS» жаһандық рейтингісінде 165-орынға көтеріліп, үлкен серпіліс жасады. Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті халықаралық ғылым және білім кеңістігіндегі өзінің әлемдік көшбасшы университеттер қатарында екендігін дәлелдеді.
Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті 1934 жылы ашылып, әлі күнге дейін өз беделінен айырылған жоқ. Университетіміздің педагогтерінің білімі және білім беру деңгейлерінің жоғары болуының арқасында, осы уақытқа дейін үздік студенттерді дайындап, еліміздің озық жоғарғы оқу орындарының бірі болып отыр. Университетте стунденттердің алған білімдері барынша сапалы болу үшін, шет елдерден практика өтуге, тренинг пен сабақ алуға мүмкіндік және екі диплом алу үшін, екі дипломдық бағдарламалар қарастырылған.
Өзім, педагогика және психология мамандығы, педагогика және білім беру менеджменті кафедрасының ішіндегі «Инклюзивті білім беруді медициналық-педагогикалық сүйемелдеу» оқу бағдарламасының 1-курс магистрантымын. Бұл оқу бағдарламасы биылғы жылдың жаңалығы десем де болады. Мамандығымның ерекшелігі инклюзивті білім беру ерекшілігін, тек педагогикалық тұрғыдан емес, сонымен қатар, медициналық тұрғыдан бірге қарастыру көзделген. Яғни, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің педагогтері мен Санжар Жапарұлы Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық медицина университетінің педагогтерімен бірлесе отырып, құрастырылған бағдарлама. Студенттер тек қана теориялық білім алып қоймай, «Балбұлақ» Республикалық оңалту орталығында практикалық сабақтан өтіп жатыр. Құлақпен тыңдап, көзбен көріп, қолмен түйсінген білім, адам жадында тез сақталып, ұзағынан қызмет атқаратыны белгілі. Сол себепті, Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті еліміздің жоғарғы деңгейлі университеті деп мақтанышпен айта аламын.
- 5616 просмотров