Табиғат көріністерін бейнелеу (пейзаж)
Кайырханов Манарбек Сайлаубекович учитель изобразительного искусства и черчения первая квалификационная категория КГУ «Курчумская сш№ 4 им.Н.Островского» ВКО Курчумский район с.Курчум |
6 сынып
Сабақтың мақсаты: Оқушыларға табиғат көріністерін бейнелеудің үлгілерін үйрету, табиғат көрінісін бақылап, этюд жазуға бейімдеу.
Сабақтың әдісі: Модульдік оқыту жүйесі, әдіс-тәсілдері, көрнекілік әдіс, практикалық әдіс.
Пәнаралық байланыс: Музыка, қазақ әдебиеті, әлемге танымал суретшілер.
Нені білуі тиіс?:
1) Табиғат мезгілдеріндегі өзіндік ерекшеліктерді.
2) Этюд жазуды.
Нені үйрену қажет?:
1) Суретшінің сурет салу жанрын;
2) Этюдті орындауды.
Оқушыға керекті құралдар: қарандаш, гуашь, акварель, ақ қағаз, қылқалам, су құятын ыдыс, палитра.
Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі:
II. Кіріспе бөлімі:
(модульге тақырыпқа ену)
- модуль мазмұнын түсіндіру;
- бенелеу өнерінде табиғат көріністерін
- бейнелейтін көркем шығарма-пейзаж;
- табиғат көрінісін қас-қағым сәтте бейнелеу — этюд;
- табиғат аясында жүріп сурет салу-плэнер;
- табиғат көріністері жайлы жазылған шығарма.
III. Негізгі бөлім: Оқушылардың танымдық қызметін өзара сөйлесу негізінде ұйымдастыру:
— Бөлім жүйесі.
— Білу.
— Түсіну.
— Қолдану.
— Талдау.
— Жинақтау.
— Бағалау.
Білу: Табиғат жыршысы атанған суретшілердің шығармаларымен таныстыру, оқып шығу.
Түсіну: Этюдті орындау үш топқа бөлінеді:
1) табиғат көрінісін қағаз бетіне ықшамдап бейнелеу;
2) табиғат көрінісіндегі сюжеттік көріністің құрылымын дұрыс орналастыру;
3) түстік бояушешімін табу.
Қолдану: Оқушыларды 4 топқа бөлу:
1) табиғат көріністерін бейнелейтін шығармалардың аттарын жазу.
2) табиғат көрінісіне байланысты бейнелеуде қолданылатын құрал-жабдықтар.
3) табиғат көрінісіндегі кезеңдерге байланыстырып сурет салу.
4) этюд жазу.
5) Сурет № 1 А.Қуанышбай «Кеш»
Талдау: Әбілхан Қастеевтің, Оралхан Тансықбаевтың М.Кенбаевтың сурет туындыларымен танысып, оны талдау. (бояудың түсі, ауа-райының өзгерісі .т.б.)
Жинақтау: Қазақ халқының ақын жазушыларының, жыршыларының шығармаларынан үзінді келтіру және бейнелеу.
Бағалау: Табиғаттың төрт мезгіліндегі өзгерістерін бейнелейтін суреттер салу, бағалау.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Айдарова З. Бейнелеу өнері 6 сынып. Алматы «Атамұра», 2002 ж.
2. Қастеев Ә. Алматы «Өнер», 2004 ж.
3. Тансықбаев О. Алматы «Өнер», 2004 ж.
- 31059 просмотров