Тақырыбы: «Балалар әлемі»
Жансейтова Алия Жаскайратовна, дошкольное обучение и воспитание, КММ Телжан орта мектебінің жанындағы «Балапан» шағын орталығында, село Тельжан Уалихановский район Северо-Казахстанская область |
Білім беру саласы: «Қатынас», «Таным».
Ұйымдастырылған оқу іс — әрекет түрі: Сенсорика, Тіл дамыту.
Мақсаты мен міндеттері:
Балаларды ойыншықтардың түрімен, қасиетімен, түсімен оның көлемімен, пішіндерімен таныстыру;
Балалардың қабылдау, есте сақтау қабілетін дамыту. Ойыншықтарға деген қызығушылығын, сүйіспеншілігін арттыру. Балаларды үлкен және кішкентай заттарды көрсете білуге, ұсақ қол моторикасын жетілдіру.
Ойындар ойнату арқылы достық қарым — қатынасқа тәрбиелеу.
Қажетті құрал-жабдықтар: Түрлі — түсті ойыншықтар (Аю (қонжық), сиыр, қоян, қой, жылқы (ат), арыстан, ит.), үн таспа, құм, пазыл, шар.
Әдіс — тәсіл: Түсіндіру, көрсету, әңгімелеу, сұрақ-жауап, ойын, сөздік жұмыс
Сөздік жұмыс: ағаш
Тәрбиешінің әрекеті:
Балалар музыка әуенімен топқа қолдарын шапалақтап кіреді. Келген қонақтармен амандасып.
— Сәлеметсіздер ме?
Психологиялық сәт:
Жоғары қарап күн көрдім
Төмен қарап жер көрдім,
Оңға, солға бұрылып,
Егеменді ел көрдім.
Тәрбиешінің әрекеті:
— Балалар тыңдаңыздар. Бұл не деген дыбыс?
(Есік қағылады да, күлдірген кіреді)
Күлдірген келеді де балаларды күлдіреді (шарға отырып шарды жарады)
— Сен кімсің?
— Қайдан келдің?
Күлдірген:
— Балалар менің атым күлдірген, әрі сиқыршымын. Мен жүрген жердің бәрі ғажайып түрге енеді. Балалар қараңдаршы бізге күн сәулесін төгіп тұр. Қане қолымызды жоғары көтеріп күннен жылу алайық.
Тәрбиеші:
— Күлдірген сен не себептен бізге келдің?
Күлдірген:
— Балалар мен сендерді сынауға келдім. Сіздердің қаншалықты зерек екендіктерінді білгім келіп тұр.
Ал сынауға келмес бұрын. Менің сендермен ойнағым келіп тұр.
Ойнайсыңдар ма?
Ойынның аты «Сылдырмақ».
Ойынның шарты: әуен ойнағанда сылдырмақты сылдырлатамыз. Әуен тоқтағанда сылдырмақты сылдырлатпаймыз.
Балалар ойнайды.
— Жарайсыңдар. Ақылды екенсіңдер. Менімен ойнап өздерінің есту қабілеттерін бар екендігін көрдім.
Тәрбиеші:
— Балалар сендер ойыншықтармен ойнағанды жақсы көресіңдер ме?
— Ия.
Тәрбиеші:
— Олай болса менімен бірге пойызбен саяхатқа барайық. Ал бәріміз пойызға мініп жайғасып отырайық.
Ал паравоз баста алға
Бәрімізді басқарда
Пыш — пыш біз кеттік
Жүрісті біз үдеттік
Гу — гу гуілде
Қалып қойма біріңде.
Қане балалар біз келдік.
Пойызд әр станцияға тоқтайды. Ал біздің күлдіргеніміз бізді бақылап тұрады да, өз бағасын береді.
— Енді біз бірінші станцияға келіп жеттік. Енді бірінші станцияның тапсырмасын орындайық.
1-тапсырма:
— Балалар қараңдаршы, қандай керемет әдемі ойыншықтар бар. Олай болса кәне, балалар ойыншықтармен сырласайық. Сендер қандай ойыншықтарды көріп тұрсындар айтындаршы.
Балалар: Аю (қонжық), қоян, қой, сиыр, жылқы (ат), арыстан, ит. Ойыншықтар әр түрлі болады, Қатты, жұмсақ. Көңілді, қорқынышты болады екен.
— Мынау не?
— Сиыр.
— Сиыр қалай дыбыстайды?
— Мө, мө дейді.
— Мынау не? (ит)
— Ал ит ше? Ырылдайды
— р — р — р
— Ал мынау не?
— Аю
— Аю қандай? Үлкен, маймақ.
Сергіту сәті
Ормандағы аюдың
Құлпынайы көп екен
Теріп теріп алайық
Қалтамызға салайық
— Ал, мынау не?
— Қоян.
— Қоян қалай секіреді?
(Балалар көрсетеді)
2-тапсырма:
— Енді балалар біз келесі станцияға көшейік. Осы станцияның тапсырмасын орындайық.
«Пазылдарды суретке сай құрастыру»
— Кім, тез, шапшаң, дұрыс құрастырады. (3 баланы шығару)
— Балалар бұл ненің суреті? (көліктің)
— Мынау көліктің түсі қандай? (қызыл)
— Ол қандай жұмсақ па, не қатты ма?
— Дұрыс. Жарайсыңдар ол қатты және ағаштан жасалған.
Сөздік жұмыс: ағаш
3-тапсырма:
Тәрбиеші:
— Ал, балалар енді біз соңғы станцияға келдік. Бұл станцияның тапсырмасы: саусақтарымыздың моторикасын көрсету. Сіздерге дайын суретті беріп, оны түрлі түсті құмдармен бірге безендірейік.
Тәрбиеші:
— Балалар, бұл тапсырманы өте жақсы орындадыңдар. Енді біз саусақтарымызды демалту үшін бір жаттығуымызды орындайық.
Бас-бармақ,
Балаң-үйрек,
Ортан-терек
Шылдыр-шөмек,
Кішкентай-бөбек.
Қыдық-қыдық.
Тәрбиеші:
— Балалар енді біз барлық тапсырмаларды орындап, біздің пойыздымызға отырайық та, бәріміз қайта өзіміздің балабақшамызға оралайық.
Ал, күлдірген балаларымыздың әр станцияның тапсырмаларын орындағаның көрдің. Енді өз бағасын бере гөр.
Күлдірген:
— Жарайсыңдар. Сендер өте ақылды екенсіңдер, өздерінің зерек және тапқыр екендіктерін көрсеттіңдер.
Тәрбиеші:
Қортынды: Сендер ойыншықтар, түстерді ажырата аласыңдар. Көп нәрсе білдіңдер. Ойын ойнадыңдар, құммен жұмыс істедіңдер. Сендерге көп — көп рахмет. (балаларға сыйлық беру)
Балалар енді бүгінгі кейіпкерімізбен қоштасайық.
Балаларды мадақтау.
Балалар: Сау болыңыздар!
- 9693 просмотра