Тақырыбы: Дос болайық бәріміз
Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданы Бидайық орта мектебінің даярлық тобының тәрбиешісі Катаева Асыл Асқарқызының |
Ұйымдасқан оқу әрекетінің технологиялық картасы
Бөлім: Өзін-өзі тану.
Тақырыбы: Дос болайық бәріміз.
«Дос-бәрінен де қымбат» Мақал
Мақсаты:
1. Тақырыпты өмірмен байланыстыра отырып, мазмұнын ашу. Достық туралы білім деңгейін кеңейту, нағыз досты тани білуге үйрету.
2. Оқушылардың өзіндік ойларын еркін жеткізе білуге, досты қадірлеуге және тіл байлықтарын, түсініктерін қалыптастыру.
3. Адам бойындағы адамгершілік қасиеттерді сақтай білуге, адалдыққа, достыққа тәрбиелеу.
Сабақ әдісі: Сұрақ-жауап, түсіндіру,ойын ,көрнекілік.
Сабақ көрнекілігі: Плакат, оқушылардың жұмыстары, жазылған мақал — мәтелдер, шарлар, суреттер.
Күтілетін нәтиже:
Білу керек: 10 көлеміндегі сандардың ретімен жазылуын, айтылуын.
Білді: 10 көлеміндегі сандарға байланысты есептер шығарып,тапсырмалар орындай.
Айта орындай алады: Өздігінен орындаған тапсырмалар презентациясын.
- 9552 просмотра