Опубликовано 10.11.2016 - 11:03 пользователем Editor
Сүт — адамзаттың көне заманнан бергі келе жатқан тағамы. Тарихи деректерге сүйенсек адам ең алдымен етпен, сосын барып сүтпен қоректенгенді үйренген секілді. Бері келе біздің ата бабаларымыз сүтті ысырап етпей сақтау жолдарын ойластырған, сондай-ақ құрамында майлы, ақуызы, дәрумендері жеткілікті сүт саууға тырысқан. Осы жағдайға байланысты әр түрлі сүт тағамдары дүниеге келсе керек. Сөйтіп сүтті ашытып — сусын, қайнатып — құрт-ірімшік, тағы басқа тағамдар дайындаған.