Опубликовано 29.01.2014 - 10:03 пользователем азбука.kz
Дүниеде мыңдаған мамандық түрі бар. Солардың барлығы адам үшін, адамзаттың өсіп-өнуі үшін керек. Сол мамандықтардың ішінде адамды тәрбиелеу — ең жауаптысы. Осы мамандық туралы Ы. Алтынсарин «Ұстаз — мектептің жүрегі» деп текке айтпаса керек. Бұған лайық болу — үлкен абырой, басты борышым деп санаймын. Бойына — қуат, жүрегіне — жарық жігер беріп, өрге сүйрейтін де, жанына — азық, өміріне — өзек боп төрге сүйрейтін де осы ұстаздық қасиет.