Опубликовано 17.03.2014 - 10:43 пользователем admin
Математика сабағында сезімді ынталандыру, білім, білік, дағдыларын дамытуға қызығушылығын арттыру, жауапкершілігі мен міндеттерін қалыптастыру істерін жүзеге асыруда ойын түрлерін тиімді пайдалану, сабақ кезінде мақтап, мадақтап көтермелеп оқытудың маңызы зор. Ойын сабағын өткізу оқушының ынтасын, зейінін өз бетінше еңбектенуін,белсенділігін, есте сақтау, ойлау қабілеттерін жетілдіре түседі. Мақалдарды қолдану арқылы есептің дұрыс шешімін тапқанын тексереді, әрі сол мақалдың мағынасын, тәрбиелік мәнін түсінеді