
Мақсаты: Білімділік: көне қалалар туралы оқушылардың білімдерін кеңейту, тереңдету, күрделі сөздерді анықтауды практикалық жолмен меңгерту. Дамытушылық: ауызша, жазбаша жұмыстар арқылы сын тұрғысынан ойлау технологиясы негізінде көру, есте сақтау, тыңдау, танымдық қабілеттерін арттыру, ізденімпаздық, шығармашылық, зерттеушілік, қорытынды жасай алу дағдыларын қалыптастыру, ой-өрісін кеңейту, сөздік қорын молайту, білімге деген құштарлықтарын арттыру. Тәрбиелік: туған жеріне деген сүйіспеншілікке, патриотизмге тәрбиелеу, қазақ елінің тарихын, мәдениетін құрметтеуге баулу.