«Timer — мен танысу» жобасы
ШҚО, Семей қаласы, М. О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі КМҚК. |
Бұл жобада Timer объектісімен және оқиғасымен танысасыздар.
Тапсыманың берілуі:
«Мақсатқа жет» жобасында шеңберді форма бойымен жылжыту үшін командалық батырманы бірнеше рет басу керек. Бұл өте ыңғайсыз. Сондықтан жобаның орындалуын жеңілдетейік.
Жаңа жобада шеңбер қоғала бастау үшін және бағытын өзгерту үшін батыманы бір рет қана басу жеткілікті.
Жобамен жұмыс жасау жоспары:
1. «Мақсатқа жет» жобасын аш.
2. Формада Timer—дің 4 объектісін құр және оларға TimerUp (жоғары), TimerDown (төмен), TimerLeft (Солға), TimerRight (Оңға) аттарын бер. (1-қосымша).
3. Timer объектісінің қасиеттерін орнат. (2-қосымша).
4. Private Sub CmdUp_Click() процедурасынан Private Sub TimerUp_Timer процедурасына командаларды ауыстыр (2-қосымша)
5. Private Sub CmdDown_Click() процедурасынан Private Sub TimerDown_Timer процедурасына командаларды ауыстыр (2-қосымша)
6. Private Sub CmdLeft_Click() процедурасынан Private Sub TimerLeft_Timer процедурасына командаларды ауыстыр (2-қосымша)
7. Private Sub CmdRight_Click() процедурасынан Private Sub TimerRight_Timer процедурасына командаларды ауыстыр (2-қосымша)
8. CmdUp, CmdDown, CmdLeft, CmdRight батырмалары үшін процедура кодын жаз (3-қосымша).
9. Жобаны сақта және орындауға жібер.
10. Мақсатқа жету үшін қызыл шеңбердің жасаған қадамдарының ұпайын есептеу үшін және экранға ұпай санын шығару үшін программа кодын енгіз (4-қосымша).
11. Программалық кодты қысқартып жазу үшін Private Sub Check процедцурасын құр (5-қосымша).
12. Жобаны сақта және орындауға жібер.
- 19706 просмотров