Тригонометриялық функциялардың қасиеттері
Молдагельдинова Салтанат Оралбайқызы, математика пәнінің мұғалімі, 1 санат, Павлодар қаласының «№ 26 жалпы орта білім беру мектебі» ММ |
Мақсаты:
1. Білімділік: Оқушыларға әрбір координаталық ширектегі тригонометриялық функциялардың таңбалары туралы, олардың периодтылығы, жұптылығы, тақтылығы туралы білім беру. Алған білімдерін қолданып, есептер шығаруда үйрену.
2. Дамытушылық: Тақырыпты меңгеру барысында іскерліктерін, өз бетімен еңбектену сезімдерін, білімдерін дамыту.
3. Тәрбиелік: Пәнге деген қызығушылықтарын арттырып, өзіндік және өзара бақылау дағдыларын, коммуникативтік құзырлықтарын қалыптастыру.
Типі: жаңа тақырыпты меңгеру сабағы
Сабақ түрі: жаттықтыру-практикум
Әдісі: ізденушілік, зерттеу, практикалық және өзіндік жұмыс
Бақылау түрі: өзіндік және өзара, мұғалім тұрғысынан бақылау
Көрнекі құрал: тұсаукесер
Сабақтың құрылымы:
І. Ұйымдастыру кезеңі (3 мин)
ІІ.Үй жұмысын тексеру (5 мин)
III. «Ойлайық, кім ойшыл». Бұрыштың градустық және радиандық өлшемдеріне қажетті анықтамалар мен формулаларды қолданудағы білім мен біліктің практикада қажеттілігін сезіну. Сабақта одан әрі жұмыс істеудегі оқушылардың белсенділіктерін арттыру (5 мин)
ІV. Жаңа тақырыпты меңгеру (8 мин)
V. Жаңа тақырыпты бекіту (12 мин)
VI. Сергіту сәті. Логикалық есеп. (3 мин)
VІI. Қайталау. Өткен тақырыптардан ОЖСБ тапсырмалары. Тест. (7 мин)
VIII. Сабақты қорытындылау және үй жұмысына нұсқау беру (2 мин)
- 20812 просмотров