Тәжірибе алмасу. «Құмды зерттеу» қысқа мерзімді экологиялық жоба
Кошумханова Асель Тасболатовна тәрбиеші «№24 сәбилер бақшасы» КМҚК Павлодар облысы, Ақсу қаласы |
Жоба түрі: қысқа мерзімді, зерттеу.
Мақсаты: мектепке дейінгі жастағы балалардың табиғи материалмен әрекет ету қажеттіліктерін қанағаттандыру, құмды зерттеу, құммен тәжірибе жасау.
Міндеттері:
Б: Балаларды құмның қасиеттерімен таныстыру (құрғақ, дымқыл, ылғалды, құйылады, ұсақ, түйірлі).
Д: Танымдық белсенділікті, қызығушылықты арттыру, рефлексияға деген ұмтылысты дамытуға ықпал ету. Баланың сезімтал тәжірибесін байыту, қолдың ұсақ моторикасын дамыту.
Т: Құммен жұмыс жасауды, құрдастарымен ұжымдық ойнай білуге тәрбиелеу. Құмсалғыштағы ойын ережелерімен таныстыру, оларды сақтауға тәрбиелеу.
Ресурс: құмсалғыш, күректер мен құмға арналған қалыптар, балалар суаратын ыдыстардағы су, қалақтар, шелектер, түтіктер, илеуіштер, ойыншықтар, пластикалық бөтелкелердің қақпақтары
Аннотация: Бұл экологиялық жобада балалардың сөйлеуін дамыту үшін педагогикалық құмсалғышты пайдалану мүмкіндігі, сондай-ақ кейбір танымдық процестерді дамыту және жетілдіру үшін Sand Play әдісін қолдану сипатталған
Қатысушылар: балалар, тәрбиеші.
Жобаның өзектілігі:
Мектепке дейінгі білім беру бағдарламасының талаптары жобалық және тәжірибелік қызметті ұсынады. Әрине, кіші мектеп жасына дейінгі балаларға қатысты жобалық және эксперименттік әрекеттер көбінесе жеңілдетілген және ойын түрінде болады. Эксперимент — ерекше, жан-жақты, ақылды, заманауи балаларды тәрбиелеудің тікелей жолы.
Жоба 3 күнге есептелген. Жұмысты жоспарлау кезінде білім берудің салаларын біріктіру принципі ескерілді. Жоспарлауда балалардың тәрбиешімен бірлескен қызметі маңызды орын алды. Тәрбиеші балаларды бағыттап, жағымды атмосфера туғызады.
Құммен ойнау:
— мектеп жасына дейінгі балалар үшін өте маңызды болып табылатын эмоционалды жағдайды жеңуге мүмкіндік береді.
— балаларды қоршаған ортаны танудың қызықты процесіне тартады.
Бұл жобада зерттеу нысаны құрғақ және дымқыл құм болды. Құрғақ құм өзінің пішінін сақтамайды — ол құлайды. Ылғал құм ол салынған ыдыстың пішінін сақтайды.
Жобадағы маңызды мәселе құрғақ құмнан ылғалды (жаңбыр немесе құмды сумен суару) қалай алуға болады деген сұрақ болды.
Күтілетін нәтижелер: құрғақ және ылғалды құммен әрекеттерді саналы түрде орындау білігін қалыптастыру. Қажет болса, құрғақ құмға су қосу т. б. зерттеу барысында әрекет ету тәсілін бақылауға балаларда қызықтыру.
Жобалық қызметті іске асыру кезеңдері:
1 кезең — дайындық: мақсаттар мен міндеттерді қою, бағыттарды, объектілерді және зерттеу әдістерін анықтау, балалармен және олардың ата-аналарымен алдын-ала жұмыс жүргізу.
2 кезең — зерттеу: қойылған сұрақтарға әртүрлі әдіс-тәсілдермен жауап іздеу;
3 кезең қорытынды: жұмыстың нәтижелерін әртүрлі формада жалпылау, оларды талдау, алған білімдерін бекіту.
Алдын ала жүргізілетін жұмыс:
Экология бойынша дидактикалық ойындарды таңдау.
Оқу процесінің, тақырыптық ойын-сауықтың мазмұнын таңдау және әзірлеу, материалды топтастыру, жоспар құру.
Жұмыс жоспары
Апта күндері |
Балалардың қызметі |
Тәрбиешінің қызметі |
Дүйсенбі |
1. Құмнан үй салу. Мақсаты: құрғақ және дымқыл құм туралы түсінік беру: құрғақ-дымқыл, дымқыл-қалыпталған. 2. Ойын: сумен тәжірибе. Мақсаты: судың мөлдір екенін көрсету, бірақ оны кез-келген түске бояуға немесе лас етіп жасауға болады, ол шырыннан, сүттен және басқа сұйықтықтардан өзгеше болады. |
Ата-аналарға кеңес дайындау: «Сумен және құммен ойнаймыз». |
Сейсенбі |
1. «Тоқаш пісіру» ойыны. Мақсаты: құмның қасиеттерін бекіту, моториканы дамыту, қозғалыстарды үйлестіру. |
Құмнан мүсіндеуге арналған жабдықты дайындау (қалыптар, қалақтар, шелектер). |
Сәрсенбі |
Құммен ойнау: «Әйгерім қуыршаққа арналған бәліштер». Мақсаты: құм қасиеттері туралы білімді бекіту; құрғақ құм түтіктерден өтеді; ол шашырайды; Ылғал құмнан қуыршаққа бәліштер жасауға болады. |
«Құммен ойындар» картотекасын құру |
Ата-аналарға кеңес: «Сумен және құммен ойнаймыз»
Құммен ойнаудың пайдасы: балалардың сенсорлық қабылдауы мен шығармашылық ойлауы дамиды, қимыл дағдыларын жетіледі және баланың психикалық денсаулығына жағымды әсер етеді. Бүгінгі күні құм терапиясы көбірек қолданылады, бұл бала психикасын түзеп, табиғи түрде тепе-теңдікті табуға мүмкіндік береді. Жылдың кез-келген уақытында шағын құмсалғышқа құм салып, үйдегі жағдайда құм терапиясын, құммен ойын ұйымдастыруға болады. Құммен ойнау өте пайдалы. Құмсалғышта бала қолына құм құйып ұсақ моториканы дамытады, қалыптарды құммен толтырып көзбен шамалау дағдылары дамиды, басқа балалармен қарым-қатынас жасау, ұжыммен жұмыс жасау дағдыларын игереді және құмсалғышта оның шығармашылық қабілеттері дами бастайды.
Қорытынды:
Бірте-бірте бала дымқыл құмнан құлыптарды ғана емес, басқа пішіндерді де мүсіндеуді үйренеді. Егер бұл теңізде болса, онда дайын мүсіндерді қабықтар мен қиыршық тастармен, сондай-ақ гүлдер мен жапырақтармен безендіреді. Тіпті қалың таяқтардың бағандарымен ғимараттар салуға болады, жолды төсеп, гүлзарлар жасап, ағаштар отырғызып, қаланы жасауға, қамалдың айналасында су құйып, үстіне көпір салуға болады. Сонымен бірге, балаға қамал бұрын қалай құрылғанын айтып, оны жаулардың шабуылынан қорғағаның айтып, баяндауды да ұсынамын. Бұл жерде шығармашылыққа, қиялға ерік берген жөн. Құм балаларды магнит сияқты тартады, өйткені мұнда ол өз әлемін құра алады, өздігінен жұмыс істейді және мақсатқа жетуді үйренеді.
- 22702 просмотра